Жаңалық

Форт-Шевченко қаласы туралы естіп пе едіңіз?

Форт-Шевченко қаласының дамуында, рухани-мәдени саласында бірқатар өзгерістер пайда болды.

Қала көркін арттыру, қала қонақтарының, тұрғындарының танымын кеңейту мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы қала әкімі Тлепов Өсер мәлім етті.

«Ақ жол құрылыс» ЖШС «Туған жер» бағдарламасының аясында қаланы абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Қалаға кіретін арка жөндетілуде, сонымен қатар, арка жанына «Түпқараған ауданы картасының» макеті орнатылды. Инвестициялық жобаның құны – 15 миллион теңгені құрайды.

Сондай-ақ, Форт-Шевченко, Баутино, Аташ елді мекендерінің қиылысуындағы айналма жолға арнайы «Сақина» жобасының құрылысы басталды.

Халқымыз әрдайым қазақи нақыштағы әшекей-бұйымдарымен танымал болып келді. Көненің көзі болып табылатын, өткеннен сыр шертетін ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу арқылы үлкен рухани тәрбие-тағылым бере аламыз», – деді қала әкімі Ө.Тлепов.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button