Жаңалық Редакция таңдауы

Франция Президенті Эмманюэль Макрон Қазақстанға ресми сапармен келді

Мәртебелі мейманды елорда әуежайында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қарсы алды, деп хабарлайды Ruh.kz.

Фото: primeminister.kz

Қысқаша әңгіме барысында Үкімет басшысы Эмманюэль Макронның бұл сапары Астана мен Париж арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуға жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, екі елдің көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макрон сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық ынтымақтастықты нығайту бойынша келіссөздер жүргізіп, халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button