Жаңалық Редакция таңдауы

Ғалымдар көксерке балығын жасанды молайтудың биотехнологиялық тәсілін жасады

Фото: С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ

Бүгінгі күні көксеркенің Еуропаға көп экспортталуына байланысты елімізде балықтың бұл түрі күрт азайған. Сондықтан көксеркені аквакультура жағдайында өсіру өте өзекті болып отыр. Қазір шетелден әкелінетін балық отырғызу материалының бағасы қымбат әрі оған сұраныс жоғары.

Көксеркені жасанды молайту технологиясын қолдану арқылы тұйық сумен жабдықталған қондырғыларда  өсіру – ғылыми және практикалық маңызға ие. Сыртқы факторларға, әртүрлі жас топтары тіршілік әрекетінің биологиялық, физиологиялық және технологиялық ерекшеліктеріне, өсіру жағдайларына байланысты көксеркенің балық отырғызу материалын алу үшін оңтайлы жағдайлар айқындалды, – дейді биология ғылымдарының кандидаты, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ «Аңшылықтану және балық шаруашылығы» кафедрасының аға оқытушысы Жасхайыр Қарағойшин.

Жобаны іске асыру барысында көксеркенің толықтырғыш-аналық басы қалыптастырылып, оңтайлы инкубациялық аппараттар мен әдістері және балық отырғызу материалын өсіруге қолайлы жағдайлар анықталды.

Көксеркені тұйық сумен жабдықталған қондырғыларда молайту бойынша практикалық ұсыныс берілді.

Айта кетейік, бұған дейін зерттеу университетінде «Балық өсіруге арналған тұйық сумен жабдықтау қондырғыларының технологиясын жетілдіру», «Геотермалдық су көздерінде жаңа аквакультура объектілерін өсіру технологиясын жасау» және «Қазақстанның құнды балық түрлерінің репродуктивті жасушаларының криобанкін құру» тақырыптарында ғылыми жобалар жүзеге асырылған.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button