Жаңалық Редакция таңдауы

Ғани Бейсембаев Павлодарда білім беру саласындағы өзекті мәселелер бойынша жиын өткізді

Баянауыл ауданында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Павлодар облысының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Ruh.kz.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Жиында білім беру саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.

Ведомство басшысы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және мектептерде сапалы тамақтануды ұйымдастыру жұмыстарын үйлесімді жүргізу керек екенін атап өтті. Бұл бағытта Оқу-ағарту министрлігі жан-жақты жұмыс жүргізуде.

Бүгін мен өңірге білім беру саласындағы өзекті мәселелерді шешу бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру үшін келдім. Мемлекеттің басты міндеттерінің бірі – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, – деді министр.

Павлодар облысы мәслихатының хатшысы Илья Теренченко Оқу-а,арту министріне Баянауыл мектептерінің жай-күйін баяндады.

Министрлік әкімдіктермен бірлесіп 1-4 сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен 100% қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыс атқарғанын көріп отырмыз. Бұл туралы біз форум барысында айттық. Биыл аймақтағы 33 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 54 мектеп жаңғыртудан өтті. Железин және Баянауыл аудандарында екі ауылдық мектеп ашылды. Бүгінгі кездесу балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінде биліктің барлық тармақтарының ауызбіршілігі бар екенін тағы да көрсетті. Павлодар облысының мәслихаты оқу-ағарту жүйесін одан әрі қолдауды жалғастырады, – деп атап өтті Илья Теренченко.

Айта кетейік, министрдің мәслихат депутаттарымен кездесуі еліміздің басқа өңірлерінде де жалғасады. Бұған дейін Ғани Бейсембаев Алматы облысының халық қалаулыларымен кездескен болатын.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button