Жаңалық

Газ саласының шебері – Бақытжан Жұртбаев

Бүгінгі «Еңбек адамы» айдарының кейіпкері – газ саласының шебері Жұртбаев Бақытжан Абимолдаұлы.

Зайсан ауданы – Шығыс Қазақстандағы берекесі мен бірлігі жарасқан өңір. Шебер 1998 жылы газбен қамтамасыз ету мамандығын бітіріп, туған ауылы Қараталда еңбек етуде. 2017 жылдан бері аудандағы газ тарту жұмыстарына атсалып келеді.

Газ шеберінің жұмысы таңғы 9:00- ден басталады. Кесте бойынша аудандағы барлық газ құбырларын тексеріп, авариялық жерлерде жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Техникалық ақаулықтардың алдын алады

Күнделікті газ саласының мамандарынан құралған жасақ халықты жаппай газбен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізеді. Қазіргі таңда ауданның басым бөлігіне газ тартылған.

Газ саласының шебері болу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Бірінші кезекте халықтың қауіпсіздігі маңызды. Әр үйді жылумен қамтамасыз етіп отырған шебер үздіксіз біліктілігін де арттырып отырады.

Ауданның дамуына үлес қосу кейіпкердің бала күнгі арманы. Туған жерге туын тігіп, тер төккен еңбектің несібесін көріп отыр.

Еңбек адамы – ел экономикасының қозғаушы күші. Сондықтан, адал еңбек әрқашан биік мұраттарға жетелейді.

Әмина Қадылбекқызы

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button