Жалаулы көлі

Жалаулы көлі

Орналасқан жері: Павлодар облысы Ертіс және Ақтоғай аудандарының шекарасында, Ертіс ауданының оңтүстік-батысында, 90 шақырым қашықтықта орналасқан. 



Зерттелуі: Жергілікті өлкетанушылардың зерттеуінде Жалаулы көлі ертеде арқа даласын мекендеген қазақ руларының жоңғар шапқыншылығына қарсы ұрыс кезінде жиналып, бас қосқан орны ретінде аталған. Бұл турасында мерзімді баспасөзде бірқатар мақалалар жарияланған. Көлдің тархихы жөнінде халық аңыздары Қыпшақ шежіресінде сақталған. Сол секілді, М. Жаманбалинов және А. Бәделханның еңбектерінде көрсетілген. Ал, белігілі өлкетанушы ғалым Т.А. Еңсебаев ел аузындағы батырлардың тархи болмысын анықтауда жүйелі түрде зерттеу жұмыстарын жүргізген. 



Қысқаша сипаттамасы: Жалаулы біздің өңірдегі ірі тұзды көлдерінің бірі. Сілеті мен Қарасу өзендердің алабында жатқан көл. Теңіз деңгейінен 73 метр биіктікте орналасқан. Су қойнауының көлемі 171 шаршы шақырым, ал тереңдігі 2 метрді құрайды. Көл күрделі кескіндемемен алғанда жалпақ шұңқыр іспетті. Оның түбі орталығына қарай құммен қалыңдайды. Жалаулы көліне Қарасу өзені құяды. Кей жылдары осында қызғылт қоқиқаздың ұялары байқалған. Бұл өз кезегінде аталған құстың осы маңда мекендегенін көрсетеді. 



Әңіз-әңгіме: Ел аузындағы аңыз бойынша жоңғар шапқыншылығы кезінде Түгел, Жазы және Қошқарбай батырлар осы көлдің жағасында әр рудың атқа мінер азаматтарынан жасақ жинап, жалау тіккен. Сол себептен көлдің атауы «Жалаулы» атанған екен. Ертіс өңіріндегі Қошқарбай, Мойнақ, Жазы, Лепес, Өтел, Байсары және Қожаберген батырлармен бірге жоңғарларға қарсы күресте Жазы батырдың да атағы ерекше шыққан. Бірлесе тізе қосқан қыпшақтан шыққан үш батырдың әскері жоңғарлармен аянбай шайқасқан. Кескілескен ұрыста қалың жаудың бетін қайтарып, сағын сындырып, Бестөбе маңынан Селеті өзеннің бойымен түре қуып тастаған.


Другие объекты

Озеро Жалаулы

Место захоронения Жасыбая Омирулы

Мавзолей Малайсары Токтауылулы

Мавзолей Машхур-Жусип Копейулы