Жаңалық Редакция таңдауы

«Global Bengal» саммитінде Қазақстанның экономикалық және инвестициялық әлеуеті таныстырылды

Қазақстанның Үндістандағы Елшісі Нұрлан Жалғасбаев Калькутта қаласында өткен 7-ші «Global Bengal» бизнес-саммитіне қатысты, деп хабарлайды Ruh.kz.

Фото: СІМ

Іс-шара Батыс Бенгалияның сауда-инвестициялық тартымдылығын дамытуға бағытталған және штат үкіметі оны жылдың басты экономикалық оқиғасы ретінде ұсынады.

Бизнес-саммиттің пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде Елші Н. Жалғасбаев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі баптарымен және елімізде онымен жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформалармен таныстырып, Қазақстан мен Үндістан арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылдың үдемелі дамуын атап өтті. Сонымен қатар, ол Қазақстандағы инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар және бизнесті жүргізудің негізгі артықшылықтары туралы айтып берді. Өз баяндамасының соңында ҚР Елшісі жергілікті бизнес-топтарды бірлескен инвестициялық жобаларды іске асырудағы ынтымақтастыққа, сондай-ақ сауда саласындағы неғұрлым белсенді өзара іс-қимылға шақырды.

Іс-шара аясында Н. Жалғасбаев B2B және B2G форматтарында, соның ішінде ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, жеңіл өнеркәсіп, ТМК және басқа да экономика секторларының үнді бизнес өкілдерімен нәтижелі кездесулер өткізді.

Саммитке 5000-ға жуық делегат қатысып, олардың 400-і 17 әріптес-елден келген халықаралық делегаттар болды. Сонымен қатар, іс-шараға 40 елдің ресми делегациялары, сондай-ақ 15 мемлекеттің Елшілері қатысты.

Саммит қорытындысы бойынша 188 Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды және штаттағы қолайлы ортаны қамтамасыз ету үшін көптеген жаңа мәмілелер жарияланды.

Анықтама: Стратегиялық географиялық артықшылықтардың, белсенді экономикалық саясаттың, білікті адами ресурстардың және динамикалық іскерлік ортаның үйлесімі арқылы Батыс Бенгалия Үндістанның экономикалық өсуінің негізгі ойыншыларының бірі болып табылады. Штат былғары экспортының 12% және темір мен болат экспортының 10%-ы бар жетекші экспорттаушылардың қатарына кіреді. ШОБ саны бойынша елде екінші орында (шамамен 90 мың бірлік), бұл Үндістандағы ШОБ-тың 14% - құрайды. Штат халқының саны 90 млн. астам адамды құрайды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button