Жаңалық

«Графика және мүсін» залы ашылмақ

ҚР Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Графика және мүсін» залы ашылмақ.  

Мақсаты – кәсіби бейнелеу өнерінің пайда болуы мен қалыптасу тарихын негізгі кезеңдер хронологиясында көрсетіп, Қазақстанның бейнелеу өнері кәсіби мектебінің негізін қалаушы-шеберлердің туындыларын, олардың маңыздылығы мен құндылығын ескере отырып ұсыну.

Шара аясында зал көрермен назарына жаңашыл сипатта ұсынылып, Қазақстанның бейнелеу өнері кәсіби мектебінің қалыптасу кезінен бастап бүгінгі күнге дейінгі динамикасының жан-жақты көрінісі көрсетіледі.

Экспозицияның негізгі аймағында Қазақстанда бейнелеу өнері кәсіби мектебінің құрылуы жайлы баяндалады. Графика бойынша – Е.Сидоркин, А. Дінікеев, Ү.Әжиев, Н.Аштем, С.Айтбаев, М.Ержанов, А.Исмаилов, А.Ақанаев, Қ.Закиров, П.Антоненко, Н.Гаев, В.Толчинский сияқты шеберлердің туындылары ұсынылса, мүсін бойынша – Қ Нұрбатыров, А.Билык, Ю.Буштрук, Е.Мергенов, Е.Сергеев, А. Құмаров, Д.Сәрсекеев, Н.Мухатаева, П.Иванов, И. Бродский, және Э. Казарянның туындылары қойылмақ.

Залдың орталық бөлігінде заманауи авангард ағымының бір түрі ретінде қару-жарақтың әртүрлі бөліктерінен құралған тақ пен маска инсталляциясы орналастырылған.

Айта кетейік, залдың экспозициясын құруда ҚР Ұлттық музейі қорындағы Қазақстанның кәсіби шеберлерінің графикалық және мүсіндік туындылары негіз болды. Бейнелеу өнері туындыларының бірегей жинағы көрермендерге Қазақстанның бейнелеу өнерінің қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерінде белсенді дамып келе жатқан ағымдар мен бағыттар туралы, сондай-ақ қағаз бетінде және мүсін материалдарындағы әртүрлі стильдер мен техникалар туралы баяндайтын көлемді экспозиция құруға мүмкіндік берді.

Залдың ашылуына белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері,  сондай-ақ зиялы қауым өкілдерінің қатыспақ.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button