Жаңалық

Гүлдер патшайымы – раушан

«Туған жер» айдарының кезекті шығарылымын раушан гүліне арнадық.

Әлемде раушанның шамамен 300 түрі, 30 000-дай сорты бар. Ал Қазақстанда раушангүлділер тұқымдасының 40-қа жуық туысы, 200-ден аса түрі өседі. Соның ішінде өсімдіктің 12 түрі «Қазақстанның Қызыл кітабына» енгізілген.

Әр түсі әртүлі мағынаны білдіреді

Раушан гүлінің көптеген түсі бар және оның әрқайсысы әртүрлі мәнге ие. Мәселен, сарғылт раушан – ғашықтықтың, ашық қызғылт пен қою қызғылт раушан ризашылықтың, ақ түсті раушан тазалық пен әдеміліктің (сол себепті үйлену тойында қолданылады), жасыл раушан молшылықтың, көк түсті гүл жұмбақ сезімнің символы. Қызыл түсі шынайы сезімді білдіреді әрі бүкіл раушанның ханшайымы саналады, қызғылт сары гүлі құттықтау үшін пайдаланылады, ал қара түсі қайғылы жағдайды сездіреді.

Раушан туралы ерекше мәліметтер:

1.Табиғи раушан майы – ең бағалы май. Тіпті ол алтын мен платинадан да қымбат;

2. Жабайы раушан – итмұрынның құрамындағы «С» дәрумені лимоннан да көп;

3. Құрамында қабыну мен тітіркенуді жойып, терінің қорғаныс қасиеттерін қалпына келтіретін май қышқылдары бар;

4. Археологиялық зерттеулер нәтижесінде 50 миллион жылдық тарихы бар раушанның қалдықтары табылған;

5. Статистикалық деректер бойынша, Ғашықтар күні мерекесінде дүние жүзінде 3 миллионнан астам раушан гүлі сатылады;

6. Тарихы тереңде. Ресми деректерге сүйенсек, ол шамамен 25 млн жыл бұрын пайда болған;

7. Азия елдеріне тек XVI ғасырда ғана жеткен гүл ол заманда патша сарайын әсемдейтін болған;

8. Раушан туралы алғашқы мәліметтер ежелгі Үнді деректерінде кездескенімен, оның отаны – Персия;

9. Ең бірінші V ғасырда Римде өсірілген

10. Франция – раушан гүлін өсіретін ең үздік бақташы ел;

11. Голландия – дүние жүзі бойынша раушан гүлін ең көп сататын мемлекет;

12. АҚШ, Англия және Иран елдерінде раушан ұлттық гүл болып саналады

13. Шекспир шығармаларында раушан гүлінің атауы шамамен 50 рет кездеседі;

14. Германияда әлемдегі ең кәрі раушан бар. Ол 1000 жаста.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button