Жаңалық

Халқымыздың санасын сергітіп, болмысын сақтау үшін тынбай еңбек етті – Ерлан Қарин ұлттық интеллигенция туралы

Ерлан Қарин Қазақстан Жазушылар Одағының құрылғанына 90 жыл толуына орай ұйымдастырылған салтанатты жиында сөз сөйледі.

Мемлекеттік кеңесші ұлттық интеллигенцияның қоғамдағы рөліне баса назар аударды.

 «Төл әдебиетімізді өркендетуге Алаш арыстары  өлшеусіз үлес қосты. Ұлттық интеллигенция халқымыздың санасын сергітіп, болмысын сақтау үшін тынбай еңбек етті.  Ағарту ісінің өзіндік дәстүрін қалыптастырды, танымы мен тағылымы мол шығармалар жазды»,- деді ол.

Ерлан Қарин бұл дәстүрдің лайықты жалғасып жатқанын айтты.  

«Кез келген ел дамуы үшін мемлекет пен қоғам біртұтас болуы қажет. Сіздер жұртымызды ортақ мақсаттарға жұмылдырып келесіздер. Шын мәнінде, ұлтты ұйыстыратын зиялы қауым, ал зиялы қауымның өзегі – қаламгерлер. Ғасырға жуық уақыт бойы Жазушылар одағы осы миссияны абыроймен атқарып келеді»,- деп түйіндеді Ерлан Қарин.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button