«Халыққа заңды көмек» акциясы өтті

Шымкент қалалық Әділет департаменті «халыққа заңды көмек» акциясын өткізді.
Акциясы аясында 100-ге жуық қала тұрғынына заңгерлік-құқықтық кеңес берілді. Құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған шара барысында көптеген қала тұрғындары мамандардың көмегіне жүгінді.
Қалада алғаш рет өткізіліп отырған бұл акцияда жеке және заңды тұлғалар үшін адвокаттық және нотариаттық қызмет, азаматтық құқықтық қатынастар, атқарушылық іс жүргізуді орындау, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау салаларындағы мәселелерге байланысты кеңестер берілді. Кеңес алуға келген қала тұрғындарының бірі алаяқтардың құрбаны болса, енді бірі жер мәселесін даулап келген. Қаржы пирамидаларының арбауына түскендер де аз емес.
«Бұл акцияның негізгі мақсаты – халықты құқықтық тұрғыда ағарту. Қазірдің өзінде құқықтық кеңес алуға 10-ға жуық азаматты жеке мәселері бойынша қабылдадым. Қала тұрғындарының денін қазіргі таңда онлайн кередит алу бойынша туындаған қиындықтар бойынша сұрақтар көп болды. Бірі алаяқтардың құрбаны болса, енді бірі жер мәселесін даулап келген. Бұл акция алдағы уақытта да өз жалғасын табады», – деді Шымкент қалалық адвокаттар алқасының мүшесі Руслан Касимов.