Жаңалық Редакция таңдауы

«HAS SANAT» галереясы «Әлемнің ұлы әйелдері» атты көрмесін ұсынады

2024 жылғы 23 қаңтарда сағат 19.00-де «HAS SANAT» галереясында «the Great Women of the world» / «Әлемнің Ұлы Әйелдері»/ «Великие женщины мира» атты көрмесінің ашылуы өтеді, деп хабарлайды Ruh.kz.

Фото: https://www.instagram.com/p/C2T4-DLoQeF/

Экспозицияда 7 заманауи суретшінің 60 шығармашылық туындысы ұсынылған. Барлық суретшілер түркі халқының ұлы әйел адамдары туралы баяндайтын жобаның қатысушылары. Түркиядағы бірінші көрмеде ұлы қазақ әйел адамдарының портреттері  көрсетілген болатын. Жобаның екінші көрмесі Әзірбайжанның Баку қаласында өтіп, бұл көрме үшін қылқалам шеберлері ұлы әйелдердің портреттерін орындаған:

Жанұзақ Мүсәпір Хүррем Хасеки-сұлтан мен Түркия президенті Ердоған анасының портреттерін,

Айткүл Тасмағамбетова алғашқы әзірбайжандық әйел адам-ақыны Мехсети Ганджавидің портретін,

ал Әділғали Баяндин қырғызиялық Құрманжанды суреттеген.

Ақтөбелік суретші Манас Қожақұлов Әлия Молдағұлованың бейнесін ұсынып отыр,

Орал қаласының кескіндемешісі Нұрбек Жардемов пен астаналық Зерде Бақытбек және Қайрат Жәйірбекұлының туындыларын тамашалауға болады.

Көрменің басты мақсаты әйел адамдардың сұлулығын, қадір-қасиетін, ұлылығы мен батырлығын насихаттау бойынша философиясын қалыптастыру болып табылады.

Жанқиярлық ерлігімен ұрпақтарының талай буының тамсандырып, есімдері ел жадында мәңгілікке сақталған қазақ әйелдерінің бейнелері көрмеде ұсынылған. Еркіндіктің, туған жер, өзгерістер мен жасампаздық, Табиғаттың, Үйлесімділік пен Сұлулықтың символы ретіндегі Жер-Ана, Дала ұғымдарының тұлғасы ретінде бейнеленіп, күнделікті өмірдегі ана мен ошақ иесі, тарих толқынындағы жауынгер-әйел, ер адамның өмірлік серігі, махаббат пен арманның символы әйел адамдарды түсіну және тану басты орынға ие.

Көркем мәнерлер үйлесімділігімен көрмені біріктіре отыра, суретшілердің әрқайсысына тән ерекше пластикалық өрнек тілінің бар болғаны бірден көзге түседі. Керемет сурет пен пластикаға толы экспозицияда әр автор бірегей түс пен сызық, дақтар мен композиция арқылы көлемдер мен пішіндердің өзіндік тілін қолданады. Аталмыш шығармаларда отандық бейнелеу өнеріне тән декоративизм мен символизм айқын көрініп, композицияларда дала мен таулы елді мекендеріндегі  өмір салты, ұлттық киім мен әшекейлер, киіз үйдің безендірілу элементтерімен ерекшелінеді. Әр суретші шығармашылық кеңістігінде көрме тұжырымдамасын түсінудің өзіндік эстетикалық градациясын жасай отыра, ортақ авторлық ізденістердің полифониясы біртұтас аккордқа біріктіріледі. Әлемнің ұлы әйелдері бейнелерін көрерменге ұсыну мүмкіндігі арқылы әлемдік көркем мәдениеті мен Қазақстанның дәстүрлі өнері контекстінде үйлесімді шығармашылық импровизациялардың негізінде құрылады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button