ХХІ ғасырдағы қазақ философтары
Бүгін – Бүкіләлемдік философия күні
Философия күніне орай назарларыңызға жаңа ғасырдағы бірнеше қазақ философтарын ұсынамыз.
Ғарифолла Есім – ғалым, философия ғылымдарының докторы. Өткен ғасырдың 80-жылдары әдеби сынға белсене араласып, басылымдарға көптеген мақала жариялап тұрған. Ол мәдени және әлеуметтік тұрмыс тақырыбына қатысты 300-ден астам публицистикалық, ғылыми-танымдық мақалалар жазған. Философиялық новелла және эссе жанрына көп еңбегі сіңді. Философиялық проза жанрда жазылған шығармалары: «Таңсұлу», «Күнә», «Көсем-Көкжал», «Бөгде сезім» және т.б.
Амангелді Айталы – ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Әлеуметтік ғылым академиясының академигі, философия ғылымдарының докторы. Ол 100-ден астам ғылыми мақалалар мен 5 монографияның авторы. Философ этносаясат, этноәлеумет және дінтану салаларында қалам тербеген.
Марат Хасанов – профессор, философия ғылымдарының докторы. Ол 80-нен аса ғылыми еңбек пен 2 монография жазған. Сондай-ақ 1987 жылы «Целое и часть как категории материалистической концепции развития» тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
Дандай Ысқақұлы – сыншы, философия ғылымдарының докторы. Ғалым «Мұхтар Әуезов. Талант пен тағдыр», «Мұхтар Әуезов хақында мақалалар» атты еңбектердің авторы. Ол Алаш қайраткерлерінің қазақ әдебиеті сыны тарихындағы орнын дәйектеуге елеулі үлесін қосты.
Бисембай Қолымбаев – профессор, философия ғылымдарының докторы. Философ 50-ден аса ғылыми еңбектің және 3 монографияның авторы.
Болат Байжігітов – өнертанушы, философия ғылымдарының докторы. Ол 60-тан астам ғылыми еңбектің, 2 монографияның, сондай-ақ бірнеше кітаптың авторы.
Жұмат Тілепов – ғалым, профессор, философия ғылымдарының докторы. 160 ғылыми мақала, 7 ғылыми монография және бірнеше оқу құралдарының авторы.
Сәбетқазы Ақатай – философия ғылымдарының докторы. Профессор 400-ден астам ғылыми еңбектің, 9 монографияның авторы.
Дәуренбек Құсайынов – философия ғылымдарының докторы. Ол 50-ден астам ғылыми еңбек пен «Ж.Аймауытовтың мұрасындағы адам және қоғам мәселелері» атты монографиясын жазған.
Гүлжәмиля Мейірова – ғалым, философия ғылымдарының докторы. Ғалым 50-ден аса ғылыми еңбек пен оқу құралдарының авторы.