Шымкент қаласы

Хызыр мұнарасы

Орналасқан жері: Шымкент қаласында, Сайрамсу өзенінің бойында орналасқан. Мұнара Х ғасырда тұрғызылған. Мұнарадан оңтүстікке қарай үш жарым шақырымға созылатын жер асты жолы бар. Мұнараның бір бөлмесінде жер асты жолына түсетін есік болған. Бұл мәліметті көпке дейін елден жасырып, құпия ұстап келген. Мұнара ішінде баспалдақ болған.

Ел әңгімесі мен тарихи деректерде Қызыр (а.с.) шын аты Ілияс ибн Мәлкән ибн Әмир ибн Шалих ибн Арфахшид ибн Сам ибн Нұх екен. Сайрам өңірі ислам дінін қабылдаған соң, қала ортасынан үлкен мұнара мен мешіт тұрғызып, оны Пайғамбар құрметіне «Қызыр» мұнарасы деп атаған. Көзі ашық, көңілі ояу дін иелері Қызыр а.с.-ды көзі тірі пайғамбарлардың бірі деп есептеген. Оның Хызр аталу себебі, ол отырған жердің түсі әп-сәтте жасылға айналады екен. Жасыл түс пен жер дүниенің көктеп, гүлдеуін араб тілінде «хезра» деген. Хызр мұсылмандар арасында су пайғамбары ретінде танылған.

Қызыр – ислам дініндегі пайғамбарлардың бірі. Кей халықтарда ол теңізге сапар шегушілердің қамқоршысы деп есептелсе, сондай-ақ өрттен, су тасқынынан, ұрлықтан, жылан шағудан сақтайтын пір деп те есептеледі.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button