Жаңалық Редакция таңдауы

IGEO-2023: Халықаралық олимпиадада қазақстандық оқушылар екі медаль жеңіп алды

IGeO-2023 географиядан халықаралық олимпиада қазақстандық оқушылар алтын және қола медаль жеңіп алды, деп хабарлады ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Индонезияның Бандунг қаласында IGeO-2023 географиядан халықаралық олимпиада өз мәресіне жетті.

Ел намысын география пәнінен республикалық олимпиаданың төрт жеңімпазы қорғады. Олар үш тур бойынша жарысты: жазбаша тест, мультимедиялық тест және практикалық тапсырма.

Халықаралық олимпиада қорытындысы бойынша медальдар қоржыны екі жүлдемен толықты: Алтын – Санжар Хамитов – Ақтөбе қаласындағы НЗМ 11 сынып оқушысы; Қола – Арсен Сыдықов –Шымкент қаласындағы НЗМ 10 сынып оқушысы, – деп жазды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

IGeO алғаш рет 1996 жылы Халықаралық географиялық одақтың (IGU) қолдауымен Гаагада өткізілген болатын.

Қазақстан құрама командасы олимпиадаға 2012 жылдан бері қатысып, барлығы 3 алтын, 1 күміс және 4 қола жеңіп алды. Олимпиаданың негізгі міндеттері – оқушылардың географияға және қоршаған орта туралы ғылымдарға қызығушылығын ынталандыру, халықаралық өзара байланысты нығайту.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button