Жаңалық Редакция таңдауы

Іле Алатаудың інжу-маржаны - Шымбұлақ

«Қазақстанның туристік маршруты» айдарының бүгінгі саны Іле Алатауы бөктерінің інжу-маржанына айналған «Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты жайлы болмақ.

«Шымбұлақ» – Алматының маңында, Іле Алатауының жанындағы әйгілі «Медеу» биік таулық мұз айдынынан сәл ғана биік орналасқан, баршаға мәлім Қазақстандағы таушаңғылы шипажай. Шымбұлақ шатқалы теңіз деңгейінен 2200-2500 метр биікте. Оған таяу жерде биіктігі 3200 метр Талғар асуы, биіктігі 3800 метр Школьник шыңы, 4200 метрлік Амангельды шыңы, 4010 метрлік Абай шыңы, 4376 метрлік Комсомол шыңы бар. Халықаралық кешен 1954 жылдан қысқы спортпен айналысатындардың сүйікті орнына айналған. Бұл – Қазақстандағы  ең үлкен туристік орталық.

Бастысы, жыл он екі айдың қай мезгілінде келсең де, Шымбұлақтың саф таза ауасымен кеудені кере тыныстап, айналаңды қоршаған тау сілемдері, жасыл шыршалардың көрінісіне жүрегіңді тебірентпей кету мүмкін емес.

50 жылдардың ортасынан бастап Шымбұлақ кеңес тау шаңғышыларының жаттығу базасы болып саналды, оның бөктерлерінде КСРО және Қазақстан чемпионаттары өткізілді. Жыл сайын ақпан айының басында КСРО кезінде 11 мәрте жеңімпазы, спорт шебері, 1956 жылғы Олимпиадалық ойындардың қатысушысы, «Александр Артеменко жүлдесін» ойнатып, Шымбұлақта таң шаңғышылары жарысқан.

Ал қазір Шымбұлақ аймағында 10 орындық қоғамдық тамақтанатын орын, екі мейманхана және 2 спорт және кәдесый тауарларына арналған дүкен бар. Шипажайдағы мейрамханалардан әлемнің барлық түкпір-түкпіріндегі тағамдардың дәмін татуға болады. Сонымен қатар, шипажайда тау шаңғы және сноуборд мектебі қызмет көрсетеді. Демалысты қызықты өткізу мақсатында келесідей қызметтерді алуға болады:  парапланда ұшу, хэлиски, тік ұшақта серуендеу, фрирайдты және фрирайд – топтарда сырғанауға үйрену, жорықтар, кәсіпқой гидтермен шығу және скитурлар, тюбинг. Жаз кезінде экстремальды ойын-сауықтарды түрлерінен таудан велосипедпен түсумен, парапланда ұшумен, жорықтар, кәсіпқой гидтермен әдемі жерлерге шығумен айналысуға болады. Және де баггиде және ат пен пониге мініп серуендеуге, арқанды саябақ, батут кешені, әртүрлі атракциондарда көңіл көтеруге болады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button