Жаңалық

Индер ауданында Жерлестер форумы өткізілді

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламалық мақаласында туындайтын “Туған жер” жобасын жүзеге асыру мақсатында “Туған жер, еш нарсе жоқ сенен ыстық, Өйткені сенде туып, сенен ұштық” атты жерлестер форумы өтті.

Аталған шараға еліміздің 7 өңірінен 200-ге жуық өсіп-өнген ауыл азаматтары мен кәсіпкерлері шақырылып, форум аясында 15 жоба ұсынылды.

Жерлестер форумының мақсаты: қасиетті Дендер топырағында туып, өсіп-өніп, білім алып, бүгінгі таңда еліміздің әр өңірінде түрлі салаларда қызмет етіп жүрген танымал тұлғалармен кездесу болатын.

Маңғыстау облысынан келген Қ.С.Хайрушев, Жазушылар Одағының Атырау облыстық филиалының директоры Қ.Ө.Жылқышиев, Ақтөбе облысынан кәсіпкер Ғ.З.Урбисинов, Х.Досмұxамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры А.А.Талтенов, “КазТрансГазАймақ” басшысы С.С.Құлғалиев, “Атамекен” кәсіпкерлер палатасының ауданымыздағы бөлімшесінің директоры М.Тасыбаев пікірлерін білдірді.

Қ.Жылқышиев өз кезегінде жарсуаттық жас ақындардың кітабын тегін шығарып беруге, талантты оқушыға шәкіртақы төлеуге, он тұрғынды облыстық журналға 1 жыл тегін жаздыртуға уәде ете отырып, өлкеміздің туризмін дамытуға өз идеясын ұсынды.

Кәсіпкер Ғ.Урбисинов біраз азаматтармен біріге отырып Көктоғай селосына жаңа саябақ салғымыз келеді деп жиналғандарды бір қуантты.

Ректор А.Талтенов те осындағы жерлестермен ауылдық округтерге салауатты өмір салтын насиxаттау, өлке спортын дамыту мақсатында арнайы бапкерлер тауып беруге, тұрғын үй мәселесін шешіп беруге және өз атынан келесі жылы мектеп бітіретін 5 түлекті университетте тегін оқытуға уәде берді.

С.Құлғалиев те өз кезегінде атымтай жомарт жандармен бірлесіп ауылдық округтердегі ардагерлер ескерткішін жаңартуды жоспарлап отырғанын, ал М.Тасыбаев кентіміздің “Барлаушылар” мөлтек ауданына спорттық нысан құрылысын жоспарлап отырғанын жеткізді.

Жиналғандар арасынан сөз алған А.Берғалиев келесі жылы тойланғалы отырған ауданның 90 жылдығы аясында өз атынан еліміздің танымал әртістерінің қатысуына ықпал етуге дайын екенін жеткізіп, еліміздің бас қалаларында “Индер ауданының мәдени күндерін” ұйымдастыруға уәде беруде.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button