Жаңалық Редакция таңдауы

Инфляция 13,1%-ға дейін төмендеді - Смайылов

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің қаңтар-тамыз айларында атқарылуы қаралды, деп хабарлайды Ruh.kz.

8 айдың қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Алматы және Шымкент қалаларында барлық негізгі көрсеткіштердің өсімі тіркелді.

Қалған өңірлер нысаналы көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс, — деді Премьер-Министр.

Қабылданған шаралардың арқасында тамыз айының қорытындысы бойынша инфляция 13,1%-ке дейін төмендеді.

Осыған байланысты мемлекеттік органдар мен өңір әкімдіктері азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және тамақ өндірісін ынталандыру бойынша белсенді жұмысты жалғастыруы тапсырылды.

Мемлекет басшысы Жолдауда еліміздің экономикалық өсімін орта мерзімді кезеңде 6-7% деңгейінде қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл – Үкімет пен әкімдіктер үшін маңызды міндет. Осы ретте, барлығымызға экономиканың негізгі бағыттарында және өңірлерде тиісті өсімді көрсету үшін тиімді шаралар қабылдауымыз керек, — деді Әлихан Смайылов.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button