Жаңалық
Instagram пайдаланушыларына жағымды жаңалық
Facebook компаниясы Instagram-да TikTok-тың аналогын іске қосты.
Америкалық Facebook компаниясы Instagram-да TikTok-қа ұқсас Reels сервисін іске қосты.
«Бүгін Instagram-да қысқа ойын-сауық бейнероликтерін жасау мен көруге арналған Instagram Reels қызметін ұсынамыз», – делінген Facebook хабарламасында.
15 секундтық бейнероликті түсіру үшін Instagram мобильді қосымшасында камераны ашып, содан кейін төмендегі панельден тиісті функцияны таңдау керек екендігі айтылған.