IQ дәрежесінен де маңызды әрі жетістікті анықтайтын 8 фактор
Білімділік, әрине, адамға көптеген жерде өз көмегін береді. Көзі ашық адамның әлемге саналы көзқараспен қарайтыны да белгілі. Бірақ жетістікке жетудегі ең маңызды фактор білім емес. Жоғары білім өзіндік орын алғанымен, біраз дүние біліммен бейтарап қарым-қатынаста. Жетістікке жету үшін нені ескеріп, өз бойыңда қандай қасиеттерді дамыту қажет? Білгіңіз келсе, әрі қарай оқыңыз.
Әрине, даму жолында қарқынды жүріп, нық қадамдар жасау үшін, сондай-ақ, жетістікке жету үшін білімнің маңызы жоғары. Біз жоғарыда келтірген тұжырымдар арқылы білім маңызын түбегейлі жоққа шығаруды көздеп отырғанымыз жоқ. Тек қана сапалы білімді пайдаға асыру үшін қажетті қасиеттерді жеткізгіміз келді.
Мемлекет басшысы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қоғамда білімнің салтанат құруын міндеттеп берді. Хош! Ел азаматтарының білімділік деңгейінің артқаны жөн-ақ. Дегенмен, сапалы білімді адам пайдасына жарату үшін жинайды ғой. Міне, біз осы ретте, яғни, білімді іс жүзінде жүзеге асыру барысында адамға қажетті қағидалар мен тұжырымдарды жеткізуге тырыстық.
Жоғары білім сізге бірқатар жетістіктерге жетуге көмектесетіні белгілі. Дегенмен, көңіл-күй интеллекті ақылды адамның қабілетін арттыра түседі екен.
Гриффит университетінің аға лекторы, ғылым докторы Артур Поропат осы бағытта жүргізген зерттеулері нәтижесінде толыққанды тұжырым жасады. Ғалымның айтуынша, адам дамуына тікелей әсер ететін бес фактор бар. Олар: адалдық, ашықтық, көңіл-күй тұрақтылығы, ақыл тұрақтылығы және өз құқығыңды қорғай білу. Ол өзінің мансабынан мысал келтіре отырып, жоғарыда аталған бес қасиетті бойына сіңірген шәкірттердің IQ дәрежесі биік студенттерден озып, жақсы бағаға ие болатынын дәлелдеген.
Бұдан бөлек, Карнеги-Меллон университетінде жүргізілген сараптама нәтижелері қаржыны игеру бағыты бойынша жетістікке жету үшін көңіл-күй интеллекті қарапайым интеллектке қарағанда біршама жоғары дәрежеде жұмыс жасайды. Өйткені, дәл осы бағыттағы жетістікке жету жолында жалпы еңбектің 85 пайызы өзгелермен қарым-қатынас орнатумен және қалған 15 пайызы техникалық біліммен ұштасады. Қазақта бұл туралы «1 пайыз бақ, 99 паайыз еңбек» деген де нақыл сөз бар. Сондықтан, кәсіпкерлердің көпшілігі өздеріне етене таныс әрі сенім арта алатын адамдарымен бірге қызмет жасағанды жөн деп санайды. Олардың көпшілігі өзгелермен қарымқатынас орнатып, сенімге кіруде ақсап жатады. Сол себепті де жақындарымен істес болуға ұмтылыс жасайды. Ал, негізінде, көзін таба білген адамға кез-келген тұлғамен қызметтес болуға әбден болады.
Ендеше, адамның жетістікке жету жолында маңызды рөл атқаратын қасиеттерге назар аударайық:
Өз-өзіңді басқара білу
Егер, сіз өзіңіздің эмоцияңызды басқар білсеңіз, кез-келген келеңсіз жағдай кезінде өз-өзіңізді ұстай білсеңіз, бұл – сіздің артықшылығыңыз. Алдымен ойланыңыз, содан кейін әрекет еіңіз. Бұл қағида өмірдің кез-келген бағытында маңыздылығын жойған емес. Әрбір бастамаға кіріспес бұрын оны жан-жақты зерттеп, ойша жоспар құрып отыру керек.
Тұлғалық дамуды көздеңіз
Бұл бағытты ұстанатын адамдар қиындықтар мен келеңсіздіктерге аса қатты уайымдай бермейді. Өйткені, олар бұл қиындықтардың тұлғалық даму жолындағы кішкентай ғана кедергілер екенін алдын ала түсініп, өзін осы нәрселерге даярлап қояды. Сондықтан, аталған келеңсіздіктер оларға тосын соққы болып тимейді. Олар төмен иенттелекттің иесі болса да, өздеріне нақты мақсат қоймаған адамдардан гөрі қарқынды еңбек етеді. Ал бұл еңбек ешқашан далаға кеткен емес.
Төзімділік
Өз қателіктеріңізбен күресе алмау – жаман қасиет. Қазақта мұндай типтегі адамдарды «жасық, боркемік» деп атап жатады. Төзімді адамдар ешқашан өз қателіктерінің нәтижесінен құлдырап кетпейді. Олар өз қателіктерін мойындап, тез арада оның шешімінтабуға тырысады.
Құмарлық
Бір нәрсені санаңызда елестетіп, оған жетуге деген құмарлықтың артуы жетістікке жетелейтін қасиет. Бірақ өзіңіз бүге-шігесіне дейін біле бермейтін, зерттемеген бағытта жетістікке жетуге құмарлық таныту нәтиже бере қоймайды. Расында бір жетістікті бағындырғыңыз келсе, онда өз жұмысыңызды жақсы көріңіз, одан ләззат алыңыз.
Өзге адамдардың дәрежесінде қарым-қатынас орната білу
Тұтынушының немесе әріптестердің дәрежесінде,олармен тең деңгейде сөйлесе білу сыйластық пен сенімді арттырады. «Мен сізді жақсы түсініп тұрмын, бірақ…» және «сіздің ойыңыз қате» деген екі сөздің арасында үлкен айырмашылық бар.
Адалдық
Адал адамдар барлық нәрсенің оң жақтарын көруге, жетістікке жетуге ұмтылады. Сондай-ақ, олар алдын ала барлығын жоспарлап отыруға қабілетті. Олар нені оқып, нені жасау керектігін біледі. Сол себепті ақылды адамдардың барлық ісі орынды шығып жатады.
Жаңа тәжірибелерді ашу
Егер сізге нені қалай жасау керектігі немесе жылдам әрі сапалы қызмет жасау жолдары қызықты болса, онда сіздің жетістікке жету мүмкіндігіңіз өзгелерден төрт есе жоғары. Сіз өз тәжірибеңізде өзіңізге таңсық қандай да бір нәрсені үйренген кезде тамаша сезімге бөленесіз. Бұл – өз ісіңнен ләззат алу.
Ашықтық
Сіз қоғамдық орталарда жұмыс жасай алсаңыз, адамдар арасында жұмыс жасай алсаңыз, сондай-ақ, осы істерді атқару барысында негізгі кіәсібіңізден алшақтап кетпесеңіз, сіздің қабілетіңіз өте жоғары. Көпшілік алдындағы ашықтық – өз-өзіңді ортада ұстай білу ғана емес, қарым-қатынас орнату қабілетіңізді дамытуға таптырмас құрал. Бұл ортада сіз өз эмоцияңызды ұстай білуді, мүдірмей сөйлеуді, адамдармен араласуды үйренесіз. Ал бұл қасиеттерді бойға сіңіру – жетістікке жетудің алғышарттары.
Өзіңіздің біліміңізді жоғарыда айтқан қағидаларды пайдалану арқылы жүзеге асырыңыз.