Жаңалық

Іс-әрекетсіз жоспар түкке жарамсыз қиял ғана!

Адам баласының ойлау жүйесінің дамығаны сонша, қазір кез-келген адам ойша басшы болып, ойша бірнеше қабатты жекежай салып, ойша қымбат көлік пен қымбат киімге еге болуды әдетке айналдырып алған.

Дұрыс. Жоспар санада піседі. Ол жоспарлар сіздің өміріңіздің маңызды бөлігіне айналарлық дүние жасауға қауқарлы болуы мүмкін. Бірақ сіз сол жоспарлар бойынша ешқашан әрекет етпеген болсаңыз, тамаша жобаңыз жадыңызда өлмек.

Сондықтан, кез-келген жоспарды әрекет жүзінде сынақтан өткізіп тексерген абзал. Мүмкін, сіз сынау арқылы жарға соғыларсыз, мүмкін жетістікке жетерсіз. Бірақ екі бағыт та сіз үшін үлкен өмірлік тәжірибе болмақ.

Іс-әрекет жасау – арманыңызды жүзеге асыруға алып баратын бірден-бір жол. Бұдан басқа жолдың болуы мүмкін емес.

Қазірден бастап, өз жоспарларыңызды сынап көріңіз. Мүмкін сізде алабөтен мақсат бар шығар?! Ендеше, не тұрыс!

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button