Жаңалық

Ішік қалай тігіледі? (видео)

«Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасы аясында халқымыздың ұлттық мұрасы – қолөнерді дәріптеу мақсатында Павлодар облысының тұрғыны Ғалия Балтабайқызы өз шығармашылығымен таныстырды.

Қазақтың ұлттық қолданбалы өнер тарихы көшпелі өмірдің салт-дәстүрімен тығыз байланысты. Қазақ ұлттық мәдениетінің ең байырғы, аса құнды салаларының бірі – қолөнер, оның ішінде ою өрнек болып табылады. Қазақ қолөнерінің тамаша туындыларын жасаудың қарапайым технологиясы осы күнде тұрмысқа қайта еніп, жасөспірімдердің қолөнерге деген қызығушылығын арттырып келе жатыр.

Әжесінен берілген қолөнерге деген қасиет Ғалия Балтабайқызының осы іспен айналысуына себепші болды. Қазіргі уақытта әжесінен алған тәлім-тәжірибені өскелең ұрпаққа үйретіп жатыр.

«Жаяу Мұса» атындағы мәдениет сарайында «Алтын оймақ» үйірмесіндегі жетекшілігімен оқушыларға қолөнердің қыр-сырын үйретіп, қазақтың ұлттық құндылықтарын жаңғыртуға үлес қосуда.

Кейіпкеріміз пандемия кезінде республикалық «Біз біргеміз» акциясына белсене қатысып, тұрғындарға тегін бетперде тігіп, өз үлесін қосқан болатын.

 

Павлодар облысы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button