Жаңалық
Редакция таңдауы
Ислам ынтымақтастығы ойындары: қорытынды қандай?
Түркияның Конья қаласында Ислам ынтымақтастығы ойындары мәресіне жетті.
Ислам ынтымақтастығы ойындары 2005 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Биыл бесінші мәрте жалауын желбіретті.
Биылғы додаға 55 елден спортшылар келді. Ойындар 8 тамызда басталып, 18 тамызда аяқталды.
Бесінші мәрте жалауын желбіреткен дүбірлі додада қазақстандық спортшылар 89 медаль еншіледі. Оның ішінде 27-і алтын, 23-і күміс, 39-ы қола.
Жалпы командалық есепте Түркия, Өзбекстан, Иран және Әзербайжан құрамалары алғашқы төрт орынды өзара бөлісті.