ІТ жобалар таныстырылды
Шымкент қалалық Политехникалық колледжіндің ұйымдастыруымен онлайн форматта «Қайырымдылық – адамгершілік белгісі» атты іс-шара өтті, – деп хабарлайды Ruh.kz порталы өңірлік жобалық кеңсеге сілтеме жасай отырып.
Іс-шара барысында оқу орнының үздік студенттері №3, №4 балалар үйі және кәмелетке толмаған балаларға арналған бейімделу орталығының тәрбиеленушілеріне ІТ саласы бойынша жобаларын таныстырды.
Мұндағы негізгі мақсат – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға студенттердің техникалық және кәсіптік білім саласындағы жинақтаған іс-тәжірибесімен бөлісуіне жағдай жасау, жастарға бағыт-бағдар беру
Мәселен, «Радиоэлектроника және байланыс» мамандығының студенті, «WorldSkills 2020» аймақтық чемпионатының І орын жүлдегері Сәкен Ульжебаев «Ақпараттық кабельді байланыс» тақырыбында ІР-камераны оптикалық кабель арқылы қосуды көрсетті.
4 курс студенттері «WorldSkills 2020» қатысушылары Ыдырыс Дүйсенбаев, Бахтияр Эсимов «Lego Mindstorms» платформасында өздерінің Робокран, Робоскелет, Робомашина жобаларын таныстырды.
Аталмыш іс-шараны колледж ұжымы қайырымдылық акциясымен аяқтады.