Жаңалық Редакция таңдауы

IT саласын дамытудың жаңа міндеттері қандай?

Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин елімізде соңғы жылдары IT саласына жастар арасында қызығушылықтың күрт өскендігін атап өтті, деп хабарлайды Ruh.kz

Жоғарғы оқу орындарындағы IT факультеттерде студенттер саны артты. Заманауи IT-мектептер инновациялық экономиканы құру үшін қажетті мамандар базасын толықтырады. Болашақта білім беру сапасын арттыру мақсатында оқытушыларды даярлауға ваучерлер бөлу және IT-факультеттерде сапа стандарттарын енгізу мәселелері пысықталатын болады, – деді Бағдат Мусин.

Министрдің айтуынша, жақын арада Қазақстандық IT-қызметтердің экспортын ұлғайту үшін Оңтүстік-Шығыс Азия мен Таяу Шығыста Silkroad hub өкілдіктері ашылады. Сондай-ақ білікті мамандарды тарту үшін Digital Nomad Visa жобасы іске асырылатын болады.

Республика өңірлерінде жаңа технологиялық хабтар ашу жұмыстары жалғасады. Бүгінгі таңда 9 алаң ашылды, жыл соңына дейін тағы 4 хаб іске қосылады деп жоспарланып отыр. Қазақстан нарығында стартаптарға $145 млн инвестиция салған 24 венчурлік қор жұмыс істейтіні атап өтілді, – деді министр Бағдат Мусин.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button