ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне Маңғыстаудың 13 жерасты мешіті енді
Тарихы бай, рухани мұрасы мол Маңғыстау өлкесінің құндылықтары «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жаңаша зерттеулермен әлем назарын аудартуда, деп хабарлады аймақ әкімдігі.
Бүгінде өлкеміздің тарихи-мәдени мұраларын сақтау және әлемдік деңгейде танымал ету мақсатында 8 жоба әзірленді. Олардың бірі – бүкіләлемдік мұралар тізіміне кіретін жер асты мешіттерін ЮНЕСКО-ға енгізу.
«Бұл тізімге Маңғыстаудың 13 жерасты мешіті енді. Жұмыстар екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде номинация құжаты ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне ену үшін уақытша тізімге енгізілген ескерткіштер сериясына дайындалды. Екінші кезеңде объектілерді комиссияның мақұлдауынан кейін тізімге қосу жұмыстары жүргізілуде», – делінген хабарламада.
ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне тағы екі алаң кіреді. Олардың бірі – 2012 жылдың 3 мамырында «Ұлы Жібек жолы» номинациясы бойынша қабылданып, ЮНЕСКО-ның алдын ала тізімдегі 26-шы орында тұрған Қызылқала орта ғасырлық елді мекені және ЮНЕСКО-ның «Аралас мәдени мұра» номинациясы бойынша Түпқараған түбегінің табиғи және тарихи ескерткіштердің бірегей үлгісін енгізу жөніндегі жұмыс басталды.