Жаңалық

Із-түссіз жоғалған әскерилердің тізімі жарияланды

«Атамның Аманаты» қоғамдық бірлестігі Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қайтыс болған, із-түссіз жоғалған, Германияда тұтқында болған әскери тұтқындардың тізімін жасады.

Бұл әскери тұтқындар мәліметтер базасында із-түзсіз жоғалған болып есептеледі.
POW карталарында жеке мәліметтер туралы бірегей ақпарат (аты, туған күні және туған жері), әскерге шақыру орны (әскерге шақыру орны мен күні) туралы мәліметтер бар. Сонымен қатар, картада адамның сыртқы деректері (шаш түсі, бойы) және тұтқынға түскен кезіндегі денсаулық жағдайы сипатталады.

Егер тізімде туыстарыңыз болса, мәліметтер қорындағы олардың мәртебесін нақтылау және өзгерту үшін біздің қауымдастықпен кері байланысқа шығыңыз. Байланыс нөмірі: 8 776 828 45 35

Тізімді көру үшін: Тұтқынға түскендер тізімі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button