ЖАҺАНДАҒЫ ЗАМАНАУИ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ
Мақсаты: Қазақстанның мәдени жетістіктерін әлемдік деңгейде танымал ету.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында МСМ шетелдерде заманауи қазақстандық мәдениетіміздің жетістіктерін көрсету мақсатында 2017 жылдан бастап «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» бағдарламасының арнайы жобасын жүзеге асыруда.
2020 жылдың 28-29 ақпанында «Жаһандық әлемдегі қазіргі қазақстандық мәдениет» жобасы аясында Қазақстан Республикасының «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі Омбы қаласына (Ресей Федерациясы) гастрольмен барды. Жас көрермендер театрының сахнасында ансамбль ұжымы ұлттық билерді, сондайақ әлем халықтарының билерін қамтитын мазмұнды бағдарламаны ұсынды.
Биыл 18 наурыз-18 сәуір аралығында «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» жобасын ұйымдастыру жоспарланған болатын. Осыған орай, 2020 жылы 20 наурызда Үндістанның Ұлттық музейінде (Нью-Дели қаласы) «Ұлы дала: Кеңістік. Уақыт. Мәдениет» атты халықаралық көрмесі ашылды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Үндістандағы Қазақстан Республикасының Елшілігінің қолдауымен, сондай-ақ екі елдің Ұлттық музейлерінің ұйымдастыруымен өткен аталмыш көрмеге қос тараптың музей қауымдастығы мен дипломатиялық өкілдік қызметкерлері қатысты. Көрменің ашылу салтанатына Үндістандағы Қазақстан Республикасының Елшісі Ерлан Әлімбаев пен Үндістан Ұлттық музейінің директоры Рагвендра Сингх қатысты.
Алайда, әлемде COVID-19 вирусына қатысты қалыптасқан жағдайға байланысты, соның ішінде елімізде вирустың таралуына жол бермеу және оның алдын алу мақсатында аталған көрмені биыл 22 наурыздан бастап өткізбеу туралы шешім қабылданды.
Сондай-ақ, осы жыл соңына дейін республикалық мәдениет ұйымдары ұжымдарымен шетелдерде жоспарланған гастрольдер мен көрмелер ведомстволық бағынысты мәдениет ұйымдарының бюджетін оңтайландыруға байланысты пандемиялық жағдайды ескере отырып, карантин кезеңінде сақтық шараларын сақтау мақсатында шетелдердік гастрольдер мен көрмелер тоқтатылған болатын.
Қазақстан Республикасының СІМ және шетелдердегі мекемелері «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мен ілгерілету жөнінде ауқымды ақпараттық-имидждік жұмысты төмендегі бағыттар бойынша жүргізуде.
1. Кітаптар. Абайдың шығармалары, сондай-ақ қазақстандық қаламгерлердің Абай туралы кітаптары армян, грузин, иврит, қырғыз, малай, моңғол, нидерланд, испан, португал, украин, түрік, өзбек, хинди тілдеріне аударылып, 12 кітап басылып шықты.
Оның ішінде, болу елдерінің тілдеріне аударылған қазақстандық авторлардың кітаптары Стокгольм қоғамдық кітапханасына және Лунд университетіне (Швеция), Словакия Республикасы Ғылым Академиясының философия институтына, Түркі мәдениеті және мұрасы халықаралық қорына (Әзірбайжан), Сегед университетінің кітапханасына (Мажарстан) және Каталония ұлттық кітапханасына (Испания) тапсырылды. 2020 жылы мамырда ҚР Бразилиядағы Елшілігі «Қазақ әдебиеті антологияларының» испан тіліне аударылған нұсқаларын Аргентинаның, Боливияның, Колумбияның, Парагвайдың, Перудың, Уругвайдың, Чилидің және Эквадордың Бразилиядағы дипломатиялық өкілдіктеріне, аталған елдердің ұлттық кітапханаларына, жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтарына табысталды.
Осы жылдың 19 тамызда Арменияның Ереван қаласында ҚР Елшілігінің ұйымдастыруымен Абайдың «Қара сөздері» мен М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы Ереван мемлекеттік университетінің қолдауымен армян тіліне аударылып, тұсаукесерлері өтті.
2. Абай және әл-Фараби орталықтары. Қазақстан Республикасының Сингапурдағы (Абай орталығы), Болгариядағы (Абай орталығы), Пәкістан (Абай орталығы), Эфиопиядағы (Абай орталығы), Литвада (Әбу Насыр әл-Фараби орталығы) және Чехиядағы (Абай орталығы) елшіліктері жанынан 6 орталық ашылды.
Сонымен қатар:
– АҚШ-тың Джордж Вашингтон университетімен бірлескен Қазақстанның тарихы мен мәдениетін кеңінен насихаттауға бағытталған «Абай виртуалды орталығы»;
– ҚР Бельгиядағы Елшілігі жанындағы қазақ мәдениеті орталығы;
– «Клементинум» Ұлттық кітапхана жанындағы «Абай» мәдени-ақпарат орталығы (Чехия);
– ҚР Моңғолиядағы Елшілігі жанындағы Абай бұрышы;
– Литваның Вильнюс округінің Адам Мицкевич атындағы Қоғамдық кітапханасының ғимаратында қазақтың ұлы ағартушысы Абайдың оқу залы ашылды.
3. Конференциялар:
– Қырғызстанда Алықұл .Осмонов атындағы Қырғызстан Ұлттық кітапханасының ұйымдастыруымен «Ұлы Абай Құнанбайұлының әдеби және рухани мұрасының құндылығы» атты халықаралық онлайн конференция өтті;
– Францияда Түркі академиясы ЮНЕСКО-ның қатысуымен Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған онлайн-конференция ұйымдастырды;
– Швецияда жергілікті қазақстандық жастар қауымдастығы ҚР Елшілігімен бірлесіп, Абайдың 175-жылдығына орай аудиоконференция өткізді;
– Ұлыбританияда ҚР Елшілігі мен Кембридж университетінің ұйымдастыруымен Абайдың 175-жылдығына арналған «Махаббаттың төлеуі – махаббат: Абай даналығы» атты онлайн-конференция өтті;
– Әзірбайжанда Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы бейнеконференция өткізді;
– Абай күніне орай Польшада «Абай. Полония. Польша» атты онлайн қазақполяк әдеби кездесуі ұйымдастырылды.
4. Мәдени іс-шаралар:
– БАӘ-да, Швецияда, АҚШ-та, Эфиопияда, Болгарияда және Таиландта қазақстандық режиссерлердің «Абай. Өмірбаяны және шығармашылығы», «Құнанбай» сияқты фильмдері көрсетілді;
– Мажарстанда «Әлем таныған Абай» кітап-иллюстративті көрмесі және «Абай әлемі» сурет көрмесі өтті;
– Беларусьта қазақстандық эстрада әртістерінің қатысуымен «Абай әлемі» музыкалық-ақындық кеші өтті;
– Босния және Герцеговинада Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында «Астана Опера» театрының солистері «Сараево қысы» халықаралық фестиваліне қатысты;
– Германияда Абайдың 175 жылдығына арналған «Еуразия ақындары» ақындық кеші ұйымдастырылды;
– Люксембургте Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған ақындық кеш өтті;
– Швейцарияда қазақстандық диаспора өкілдері С.Тоқанова мен И.Грибаус Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған концерт қойды;
– АҚШ-та Гарвард университеті жанындағы Дэвис орталығында америкалық студенттер арасында «Абай оқулары» әдеби сайыс өтті;
– Иранда әлеуметтік желілерде Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойларына арналған «Абай домбырасыparty» акциясы ұйымдастырылды;
– Мысырда «Ніл-Мәдениет» телеарнасында Абай Құнанбайұлына арналған бағдарлама өтті.
Шетелде Қазақстанның тарихы мен мәдениетін отандық фильмдер арқылы көрсетуге зор көңіл бөлінді. Қазақстандық режиссерлердің фильмдері БАӘ, Швеция, АҚШ, Эфиопия және Болгария сияқты елдерде көрсетілді. Шетелдік
көрермендердің назарына «Абай. Өмірбаяны және шығармашылығы» (реж. Т.Арганчеев), «Құнанбай» (реж. Д.Жолжақсынов), «Қазақ биі» (реж. А.Садықова, Ғ.Насыров), «Қазақ хандығы. Алтын тақ», «Алмас қылыш» (реж. Р.Әбдрашов), «Жаужүрек мың бала» (реж. А.Сатаев) және т.б. фильмдер ұсынылды.
5. Абай және әл-Фарабиге арналған ескерткіштер мен көше атаулары. Ресейдің Мәскеу, Мажарстанның Будапешт және Францияның Ренн қалаларындағы Абайдың ескерткіштеріне қоса биыл Түркияның Анталья қаласында Абайға арналған ескерткіш тақта, Румынияның Бухарест қаласында Абайға және Израильдің Хайфа Әбу Насыр әл–Фарабиге арналған ескерткіш тақта ашылып, қаласындағы Грузияның Тбилиси қаласындағы орталық көшелердің біріне Ұлы ақынның есімі берілді.
6. Мақалалар. Есепті кезеңде шетелдік басылымдарда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы туралы 60-қа жуық мақала жарияланды. ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы шет тілдеріне аударылып, шетелдік БАҚ-тарда жарық көрді. Атап айтқанда, мақалалар «ЕU Reporter» басылымы (Бельгия), «Prazsky zpravodaj» және «Halo noviny» газеттері (Чехия), «Факти» басылымы (Болгария), «Inside Recent» (Сингапур), «Post of Asia» басылымы (Үндістан), «IRNA» ақпараттық агенттігі және «Pars Today» радиосы (Иран), «Созвучие» әдеби басылымы (Беларусь), «Кыргыз туусу» газеті және «Пикир» басылымы (Қырғызстан), «Pajūrio žurnalas» журналы (Литва), «Tajikistan Times» газеті (Тәжікстан) сияқты БАҚ-тарда жарық көрді.
7. Маркалар. Биыл қыркүйек айында Эстонияда Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына мен Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған мерейтойлық пошта маркалары шықты.