Жаңалық

Жайлау күнінде Шымкентте 300-ге жуық ағаш егілді

16-наурыз «Жайлау күніне» сәйкес, табиғат аясында серуендеуге жағдай жасалып, көшет егу, қоқыс тазарту шаралары ұйымдастырылды.

Шымкентте тал-дарақ егіп, көгалдандыру жұмыстарын алғашқылардың бірі болып «Ауыл» партиясының өкілдері бастады.

Үшінші мегаполистегі теннис орталығыныңалдына «Ауыл» партиясының қалалық филиалының төрағасы Қанатбек Досалиев бастаған партия мүшелері, ардагерлер, жастар қанатының өкілдері мен студенттер жиналды.

Алғашқы сөзді алған Қанатбек Балтабайұлы тал егіп, көгалдандыру халқымыздың ежелден келе жатқан игі дәстүрінің бірі де бірегейі екенін айтып, бүгінгі іс-шараға жиналған көпшілікке алғыс айтты.

Жиында партияның жастар қанатының өкілдері де сөз алып, замандастарын қоғамдық жұмыстарға белсене қатысуға шақырды.

Содан кейін көпшілік теннис орталығының алдына көшеттеді егіп, су құйды.

Бұл күні ұзын-саны 300-ден астам көшет егілді.

Демалыс күндері Шымкент тұрғындары өз аулаларын тазалап, қоқыстан арылтып, көшет егіп, жер тыртып, қала тазалығына үлес қосты.

Шымкент қаласы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button