Жамбыл облысы: «Қағаз үнемдеуге шықырамыз!»
Ормандар жаңартылып отыратын ресурс болып табылатынына қарамастан, өсімін молайту қарқыны кесу жылдамдығынан әлдеқайда төмен.
Соңғы 20 жылда қағазды әлемдік тұтыну жылына 92-ден 208 миллион тоннаға дейін артып, өсім 126%-ды құрады. Компьютерлердің, электрондық құжат айналымының әртүрлі жүйелерінің және басқа да қазіргі заманғы технологиялардың пайда болуы бұл үрдісті өзгерткен жоқ.
1 тонна қағаз дайындау үшін 5,6 м3 ағаш қажет. Егер бір бөрененің (ағаштың) орташа көлемі -0,33 м3 екенін ескерсек, онда 1 тонна қағаз өндіру үшін 17 ағаш қажет. Планетадағы барлық қоқыстың төрттен бір бөлігі қағаз қалдықтары мен қағаз өнімдері болып табылады. Зерттеулер көрсеткендей, қағаз өнеркәсібі жаһандық жылынуды тудыратын газдарды бөлу бойынша 4 орында. Электрондық құжат айналымы мен e-mail бойынша хат жазысуды жаппай енгізу кезінде офистік қағазды тұтынудың жыл сайынғы тұрақты өсу фактісі ешқандай ғылыми түсініктемеге берілмейді.
Қағаз бұйымдарын қайта өңдеу қағаз өндірушілерге ағашты пайдаланудан ішінара бас тартуға мүмкіндік береді, бұл ғаламшардың көптеген бұрыштарының экологиялық жағдайына оң әсер етеді . Сондықтан да қоршаған ортаны қорғау ісіне өз үлесін қосуға тырысатындардың әрқайсысына макулатураны арнайы пункттерге өткізуі жөн. Сондықтан да Жамбыл облысының «Рухани жаңғыру» кеңсесі баршаңызды қоршаған ортаны қорғауға, макулатура жинап, оны арнайы пункттерге өткізуге шақырады! Прагматизмді өзіңізден бастаңыз!
Жамбыл облысы,
«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі