Жаңалық

Жамбыл облысында «Жаңғырған ауыл» жобасы аясында үш жақты меморандумдарға қойылды

Жамбыл облысында «Жаңғырған ауыл» жобасы аясында Мойынқұм, Т.Рысқұлов, Сарысу, Байзақ аудандарының әкімдері, ауылдық округ әкімдері және демеушілер арасында үш жақты меморандумға қол қойылды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Өз кезегінде Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында «Туған жерге туыңды тік!» акциясы бойынша жалпы құны 500 млн. теңгені құрайтын сегіз меморандумға қол қойылды.

Сонымен қатар, Тараз қаласындағы «Достық үйінде» аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтер және ауыл әкімдеріне арналған арнайы семинар-кеңес болып өтті. Семинар-кеңес пленарлық отырыстан бастау алып, 5 бөліктен тұратын оқыту-семинарларына ұласты. Атап айтсақ: қаржы-экономикалық саясаттың өзекті мәселелері, әлеуметтік саланың өзекті мәселелері, ауыл шаруашылығы саласының өзекті мәселелері, кәсіпкерлікті дамыту, туризм, еңбек қатынастарының өзекті мәселелері және инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ денсаулық сақтау  саласының өзекті мәселелері атты тақырыптарға бағытталды

Семинар-кеңесті облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбеков кіріспе сөзбен ашып, жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқаруды одан ары дамытудың маңыздылығына тоқталды.

«Бүгінде Мемлекет басшысы тарапынан жергілікті өзін-өзі басқару мәселесіне баса назар аударылуда.Оның айқын дәлелі ретінде Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының мемлекеттік аппарат қалыптастыру деп аталатын бесінші бөлігіндегі есеп беретін ауылдық округ, ауыл, аудандық маңыздағы қала деңгейінде  жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін енгізу (98-қадам) мәселелерін айтса да болады.2013 жылдан бастап ауылдық округтер, ауылдар мен аудандық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау жүргізіліп келеді. Бүгінгі күні жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқаруды одан ары дамыту мақсатында жергілікті қоғамдастықтар құрылды, барлық әкімдікке кандидаттар алдын-ала жергілікті қоғамдастықпен келісілуде, – деді өз сөзінде Б.Орынбеков.

Сонымен қатар, барлық деңгейдегі әкімдерге мемлекеттік қызметтің жаңа моделі туралы, республикалық және жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін орындау мәселелері, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардағы орындаушылық тәртіп мәселелері туралы баяндамалар оқылып, қойылған сұрақтарына баяндамашылар тарапынан жауап берілді.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген тапсырмаларды аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтер және ауылдарда қалай  іске асыру керектігіне жеке-жеке тоқталды.

«Сіздердің алдарыңызда тұрған міндеттер орасан зор. Әкімдер елдің ұйытқысы болуы керек. Өздеріңіз білесіздер, ағымдағы жылы Мемлекет Басшысы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жариялады. Оның аясында Бағдарламаның басым міндеттері: қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру, «Туған жер», «Қазақстандағы 100 жаңа есім», «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» атты жобаларын іске асыру болып табылады», – деді Б.Орынбеков.

Еске сала кетейік, бір күнге созылған семинар-кеңеске облыс әкімдігінің басқарма басшылары мен барлық деңгейдегі әкімдерден құралған барлығы 250 адам қатысты.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button