Жаңалық

Жамбыл облысындағы «Байзақ баба» кесенесі киелі орындар тізіміне енгізілді

«Қазақстанның жалпыұлттық киелі орындары» жобасының 100 нысанының тізіміне Жамбыл облысындағы «Байзақ баба» кесенесі енгізілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте  Жамбыл облысы Байзақ ауданының әкімі  Рахматілда Рахманбердиев  хабарлады.

«2007 жылы ЮНЕСКО-ның «Бүкіләлемдік мұра комитеті» Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Ботамойнақ ауылдық округінде орналасқан «Қостөбе қалашығы» енгізілгені баршамызға белгілі. «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесі аясында туристерге арналған Жамбыл облысындағы туристік тізімге аталған қалашық енгені де біз үшін мақтаныш»,  – деді сөз басында Байзақ ауданының әкімі  Рахматілда Рахманбердиев  брифингте.

Атап өтер болсақ, «Қостөбе қалажұрты» – Ботамойнақ ауылдық округінде Сарыкемер ауылының шығысында, қолайлы ашық алаңда орналасқан.

«Қостөбе қалашығына жергілікті бюджеттен 220 мың теңге бөлініп, ақпараттық қалқан үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын), қорғау тақтайшалары және тарихи нысанға апаратын жол сілтегіштер орнатылды. Сондай-ақ, Қостөбе қалашығының айналасы темір қоршаумен қоршалып, жергілікті бюджеттен бөлінген 9 млн. теңгеге ескерткішке апаратын жол салынды және ескерткіш маңына автотұрақ орнатылды. Қалашықтың аумағын қоршауға сметалық-жобалық құжаттары 16 млн теңгеге дайындалды. Алдағы уақытта қаражат қарастыруға облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына сұраныс жолданды», – деді спикер.

Жалпы, тарихи ескерткіштердің қорғау аймағын заңдастыру мақсатында  Ақкүмбез, Ақмола кесенелері, Охуум қалашығының, Шөлтөбе бекінісінің мемлекеттік актілерін жасау жоспарлануда.

Бұдан басқа, 15 тарихи-мәдени ескерткіштерге қорғау тақтайшалары 218   мың теңгеге жасалынып, орнатылды.

«Қазақстан Ұлттық музейі жанынан құрылған «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығы «Қазақстанның жалпыұлттық киелі орындары» жобасының 100 нысанының тізіміне «Байзақ баба» кесенесі енгізілді. Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысы құрбандарына арналған барлық ескерткіштер ағымды жөндеуден өткізілді. Бурыл ауылдық округінде соғыс және еңбек ардагерлеріне арналып аллея ашылса, Сарыкемер ауылындағы «Батырлар аллеясы» демеушілердің көмегімен ағымды жөндеуден өткізілді.

Байзақ датқа, Ақкүмбез, Ақмола кесенелері, Қосы батыр, Мәдімар болыстың ескерткіштері-қайталанбас дүниелер. Өлкеміздің қасиетті немесе киелі жерлерін анықтау, белгілеу, инвентаризациялау, картаға белгілеу, мемлекет тарапынан қорғалатын нысандардың қатарына қосу, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге мән берілуде. Аталған зерттеулер жаңа мәдени ескерткіштерді ашып, руханияттағы маңызын белгілеуге көмектеседі. Аудан көлеміндегі тарихи-мәдени орындарға туристік бағытты дамыту үшін іс-шаралар жоспары жасалынып, Ағымдағы жылдың қыркүйек-қазан айларында мектеп оқушыларының экскурсияслары ұйымдастырылып, оған 1400 оқушы қатысты бұл өз жалғасын табуда», – деп баяндады Рахматілда Рахманбердиев. 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button