Мақала

Жаңа емле құрылымы

Семинар-тренингтің өзектілігі – «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелерінің» құрылымы, жаңалықтары, емле нормаларының ғылыми негіздері туралы кеңінен ақпарат беру.

 

 

2019-жылдың 26-қыркүйегінде Ақтөбе қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын басқару орталығы ұйымдастыруымен «Жаңа емле: құрылымы, ұстанымы және жаңалықтары» атты семинар-тренинг өтті.

 

Оның өзектілігі – «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелерінің» құрылымы, жаңалықтары, емле нормаларының ғылыми негіздері туралы кеңінен ақпарат беру.

 

Семинар-тренингті «Рухани жаңғыру» бағдарламасын басқару орталығының басшысы Н.Ж.Хасенов кіріспе сөзімен ашты.

 

Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ, «Филология факультетінің» деканы, филология ғылымдарының докторы К.Қ.Садирова өз баяндамасында Емле ереженің негізгі қағидаларын, жаңалықтарын, оңтайлы тұстарын нақты мысалдармен түсіндірді. Сонымен қатар емле ереже жобасын сынамадан өткізу барысында жолдаған өзіндік ғылыми көзқарас-пікірімен де семинар қатысушыларымен бөлісіп, өзара пікір алмасты.

 

Келесі баяндамашы Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының бас маманы А.Г.Нұрбаева «Қазақ тілінің латын әліпбиіне кезең-кезеңімен көшуі» арнайы жобасы аясында облыс көлемінде жүргізіліп жатқан ақпараттық-насихаттандыру жұмыстары туралы мол мағлұмат берді. Жаңа әліпбиді үйретуге бағытталған телебағдарламалар, әлеуметтік парақшадағы қашықтан оқыту сабақтар циклі, оқыту орталығында жарық көрген «Жазылым», «Білімді балақай» атты жаңа графикадағы тұңғыш баспа өнімдері, курстар және т.б. көптеген пайдалы мәліметтер баяндама барысында айтылды.

 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын басқару орталығының маманы Д.Б.Нұрмұхамедова Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 ақпандағы №637 жарлығына сәйкес бекітілген әліпби негізінде әзірленген «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелерінің» құрылымымен және жаңалықтарымен таныстырды. Баяндамашы өз кезегінде «Кейбір кирилл әріптері мен шеттілдік сөздер емлесі» тақырыбындағы ережелерді, өзгерістер мен толықтыруларды нақты мысалдармен түсіндіріп берді. Баяндамадан кейін жаңа графикада қатысушылардың оқу, жазу дағдыларын қалыптастыру мақсатында қызықты тапсырмалармен тренинг жүргізді.

 

Шараға қатысқан Ақтөбе қаласындағы арнаулы орта оқу орындарының оқытушылары мен мамандарының бірқатары семинар-тренинг соңында өз пікірлерін, ұсыныстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.

 

 Ақтөбе облысы, 

«Рухани жаңғыру» жобалық офисі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button