«Жаңа жағдайдағы жастар: іс қимыл кезеңі» жобасының жүзеге асырылуы бойынша баспасөз конференциясы өтті
Ағымдағы жылдың 5 қарашада «Жаңа жағдайдағы жастар: іс қимыл кезеңі» жобасының жүзеге асырылуы бойынша баспасөз конференциясы өтті. Бұл туралы Ruh.kz порталы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстан Жастарының Конгресі» ЗТБ-нің ұйымдастыруымен «Жаңа жағдайдағы жастар: іс-қимыл кезеңі» тақырыбында жоба жүзеге асыру жоспарлануда.
Жобаның негізгі мақсаты жастарды жаңа болмыс жағдайында біріктіру, өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын және Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмаларды іске асыру болып табылады.
Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов өз сөзінде іс-шара төрт бағытта жүзеге асырылатының атап өтті.
· «Жаңа жағдайдағы жастар: іс-қимыл кезеңі» жобасының ашылу рәсімі (жоспарда: ағымдағы жылғы 9 қарашада өткізу. Әр өңірден 30 адам, жалпы 510 адамды қамту: онлайн формат);
· Online Bilim (жоспарда: 1000 адамды қамту (бір ауысымда 200 адамнан), 5 ауысым (әр ауысым 5 күннен), осы бағыт шеңберінде кәсіпқой спикерлердің, танымал коучтардың және сарапшылардың өз саласы бойынша онлайн сабақтар өткізуі арқылы жастар арасында құзыреттілікті арттыру);
· Online Dialog (жоспарда: 1000 адамды қамту: онлайн формат) пікір және тәжірибе алмасу мақсатында жастарға арналған онлайн алаң болып табылады. Бұл шарада жастар еліміздегі белгілі тұлғалармен қоғамдағы өзекті мәселелерді ашық талқылайды, өздерінің ой-пікірлерімен бөліседі. Қорытындысы бойынша алынған ұсынымдар мен өзекті проблемалар мемлекеттік органдарға жолданады);
· Open Talks (жоспарда: ағымдағы жылғы 8 желтоқсанда жобаның жабылу рәсімін өткізу. Қатысушылар саны: 1000 адам) жастар өздерінің дағдыларын, идеяларын, стартап-жобаларын және т.б. көрсете алатын интерактив. Шара соңында «Жаңа жағдайдағы жастар: іс-қимыл кезеңі» жобасы қатысушыларының үндеуі қабылданады).
Аталған шара шеңберінде табысты ғылыми еңбегі, шығармашылық, қоғамдық қызметі, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін талантты жастарды «Дарын» мемлекеттік сыйлығымен марапаттау жоспарлануда.
Сонымен қатар, «Қазақстан Жастарының Конгресі» заңды тұлғалар бірлесітінің атқарушы директоры Тоқтар Болысов іс-шараға еліміздегі барлық 14-29 жас аралығындағы жастар арнайы сайт арқылы тіркеуден өтіп қатыса алатының және барлық қатысушыларға сертификаттар табысталатының атап өтті.
Ағымдағы жылдың 9 қараша – 8 желтоқсан күндері жүзеге асырылатын жоба барысында әртүрлі қызмет саласындағы жастармен ашық пікірталас жүргізу, танымал тұлғалармен онлайн конференциялар өткізу, 2025 жылға дейінгі жастарды қолдау жөніндегі кешенді жоспар жобасын талқылау жоспарлалануда.