Жаңалық

Жаңа жобалар таныстырылды

Алматы қаласы мен Батыс Қазақстан облысы Өңірлік жобалық орталықтары жобаларын таныстырды. 

«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының ұйымдастыруымен Өңірлік жобалық орталықтардың қызметіне әдістемелік сүйемелдеу көрсету бойынша кезекті мәжіліс өтті.

Апта сайын дәстүрлі түрде өтіп тұратын бұл отырыстың мақсаты – Өңірлік жобалық орталықтары арасындағы байланысты күшейтіп, өзара тәжірибе алмасу. Сондай-ақ, әр бейсенбі күні әр өңір өздерінің жобаларын таныстырып тұрады.

Бұл жолы Алматы қаласы және Батыс Қазақстан облысының Өңірлік жобалық орталықтары өз жұмыстарымен таныстырды.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Батыс Қазақстан облысында «Өркениет: JAIYQ SMART IDEAS CLUB» облыс жастарының ашық алаңы ұйымдастырылып тұрады. Мұнда елімізге танымал тұлғалар жетістікке жету жолдарын өз өмірінің мысалы бойынша түсіндіреді.

Сондай-ақ, «NATROBOCOM» атты дарынды жастар арасында робото-техника жарысы ұйымдастырылады. Бұдан бөлек, былтыр Қызғалдақтар фестивалін, «Жайық қыраны» құсбегілер сайысы сынды шараларды өткізді.

Ал оңтүстік астанамызда «Алма Fest», «Kitap Fest» фестивальдарі, «Бозторғай», «Сан-Марино – Алматы» шығармашылық байқаулары сынды Республика көлеміне танымал жобалар ұйымдастырылып тұрады.

Биыл «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында әр сала бойынша 116 жобаны қолға алып отыр.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button