Жаңалық Редакция таңдауы

Жаңа қазақстандық саяси мәдениет қалай қалыптасады?

ҚР АҚДМ қолдауымен «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының алаңында Жаңа Қазақстандық саяси мәдениетті қалыптастыру бойынша және қоғамдағы заманауи проблемалық мәселелерді талдауға арналған «SARAP» эксперттік клубының отырысы өтті.

Жиын барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Біз жаңа саяси мәдениетті қалыптастыруымыз қажет. Әр түрлі көзқарастар, бірақ біртұтас ұлт. Тек басқалардың пікірін құрметтеу және ашық диалог арқылы ғана біздің еліміз дамитын болады», – деген пікіріне қатысты және де Мемлекет Басшысының «Жаңа Қазақстан» құру идеясының негізгі тезистеріне қатысты ой-пікірлер айтылды.

«SARAP» эксперттік клубының биылғы отырысы «Жаңа саяси мәдениет, біртұтас ұлт» тақырыбы аясында өтті. Өзінің кіріспе сөзінде «Рухани жаңғыру» ҚҚДИ Басқарма Төрағасы Асылбек Есенбаев қазақстандық саяси мәдениеттің феномені мен оның дәстүрлерін жаңғырту тұрғысындағы әлеуеті туралы өз пікірімен бөлісті.

«Мемлекет басшысының жаңа саяси мәдениетті қалыптастыруға шақыруының негізі қазақстандық қоғамда тарихи жоғары диалогтық әлеует пен барлық негізі бар екенін көрсетеді», – деді Асылбек Есенбаев.

ҚҚДИ Басқарма Төрағасы қазақ ұлтына, соның ішінде саяси мәдениетіне ымыралы менталитет тән екенін атап өтті.

«Қазақтардың негізгі дәстүрлі ұстанымдарының бірі – текетірес емес, диалогқа ұмтылу. Дала демократиясы кез келген еркін қазаққа жоғарғы билік хан тұлғасына да әсер етуге мүмкіндік берді, сол арқылы саяси шешімдер қабылдау процесіне ықпал етті. Екіншіден, бұл консерватизм, яғни саяси тәжірибеге негізделген институттарды сақтауға деген менталды ниеттен туындайтын және саяси процесті тұрақты дамытуға деген ынтаның болуы», – деп толықтырды Асылбек Есенбаев.

Өз кезегінде саяси шолушы Ғазиз Әбішев Қазақстанның жаңа саяси мәдениетінде ашық пікір білдіру мен талқылаудың толық еркіндігі азаматтық жауапкершілік аясында өрілуі тиіс деген пікір білдірді.

«Жауапкершіліксіз саясат айыпталуы керек, бірақ саяси режим өзінің жеке мүдделерін қорғау үшін емес, тұтастай алғанда идеологиялық экстремистерді азаматтар өздері тануды және табуды, сондай-ақ оларады қоғам алдында айыптауды да үйренуі керек. Сонымен бірге, кез – келген балама сыни пікір мемлекетке, саясатқа немесе ресми билікке қарсылық немесе қарсылыққа шақыру емес, оған неғұрлым дұрыс және ұтымды шешім таңдауға көмектесу екенін түсіну керек. Әркім қоғамдық диалог аясында сөз сөйлеуі тиіс», – деді ол.

Кездесу барысында «SARAP» клубының қатысушылары Қазақстандағы жастар саясатының жағдайын сөз етті.  «Жас азаматтар мүмкіндігінше шешім қабылдау процесіне қатысып, оған әсер ете алуы керек. Өкінішке орай, бүгінде жастар арасында әлеуметтік теңсіздік күшейе түсті, көбінесе жастар ұйымдары өз аудиториясынан  ажырап жатыр», – деді сарапшылар.

«Қаңтар оқиғасы жастар арасында жүйелі проблемалар бар екенін көрсетті, оларды қайта бағамдап қарастыру қажет. Жаңа саяси модельде мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ тарапынан жастармен жұмыс тәсілдерін қайта қарау өте маңызды. Өңірлерде жастар қоғамдық процестерге тартылса да, жағдайды өзгертуге өзінің қатыстылығын сезінбейді», – деп атап өтті «Жарасым» республикалық жастар ұйымының төрағасы Тимур Жұмырбаев.

Алматыдағы қайғылы оқиғаларды талдай келе, медиаэксперт Сырым Итқұлов жастар саясатында NEET санатындағы маргиналды жастарды оқыту мен ағартушылық бағыттарына басымдық беру қажеттілігін атап өтті.

«Халық арасында жас, маргиналды жастар легі қалыптасты, олар өздерінің өмір сүру жағдайларына қанағаттанбайды, қала тұрғындары секілді өмір сүруге және ақша табуға мүмкіндіктері жоқ. Ал сапалы өмірден үмітсіз адам кез-келген нәрсеге бара алады, өйткені мұнан артық да жаман болмайды, жоғалтатын ештеңе жоқ деп ойлайды. Мұны деструктивті топтар пайдаланып жатыр. Сондықтан жұмысқа орналаспаған, жұмыссыз жүрген жастарға кәсіби бағдар беру өте маңызды», – деді Сырым Итқұлов.

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Аян Сақошев өткен жылғы жастарды мемлекеттік қолдау шараларының статистикасын мысалға келтірді. Мәселен, жас қазақстандықтардың тек екі пайызы ғана мемлекеттен қолдау ала алған.

«Бұл бағдарламаларға неігізінен белсенді, оқыған жастар қатысқанын түсіну керек. Дағдылары мен білім деңгейі төмен азаматтар үшін бұл процесстер күрделі, қиын және қолжетімсіз көрінеді. Тиісінше, олар осы қолдаулардан тыс қалып жатты. Оған қоса, пандемия әсері де бар. Жастар өз идеяларын жеткізе алатын және шешім қабылдау процесіне қатыса алатын, нақты жұмыс жасайтын алаңдар қажет. Ең бастысы, бұл тиімді алаңдар болуы шарт», – деп атап өтті ол.

«SARAP» клубының отырысы барысында эксперттер азаматтардың саяси көңіл-күйінің өзекті өлшемдерін жасау керектігін және қаңтардағы оқиғалар қазақстандықтардың саяси белсенділігіне қалай әсер еткенін ой зердесінен өткізді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button