Мақала

Жаңаарқаның қымызы Гиннестің рекордтар кітабына енді.

2019 жылдың 14 қыркүйегінде Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ауданның 90 жылдығы мен Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығын атап өтті. Ауқымды мерекеге Қазақстанның барлық өңірлерінен 12000 аса адам қатысты.

Мерекелік іс-шара Сәкен Сейфуллин ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, «Сәкен туған Жаңаарқа» атты театрландырылған қойылымнан басталды.

Іс-шара Атасу кентінің Қарауыл төбе алаңында жалғасын тапты. Мұнда алпыстан аса киіз үй орнатылды. Әртүрлі алаңдарда ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткізілді.

 

Жергілікті қымыз өндірушілер «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға өз үлестерін қосты. Жаңаарқа ауданының 12 ауылы мен екі кентінен жиналған 1000 адам бір мезетте 10000 литр қымызды күбіге құйып пісіп әлемдік рекорд орнатты. Сарапшылар сусын көлемін, қатысушылар және күбі санын тіркеді. Бұл рекордты жазу үшін арнайы Кубадан Гиннес рекордтар кітабының өкілі Юделькис Диас ұшып келді.

 

Жаңаарқа ауданының басшылығына рекорд орнатылғанын куәландыратын сертификат табыс етілді.

 

«Бүгін Жаңаарқа ауданының 90 жылдығы мен Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл толуына орай үлкен шара өтуде. Осыған байланысты мұнда рекорд орнатылды.Қазақстанда мұндай рекорд алғаш тіркеліп отыр. Бұл өте қиын. Себебі қазіргі заманда күбі табу оңай емес.ал мұнда мың күбі болды. Бұл рекордты болашақ жаңарту қиын болады деп ойлаймын», – деді Гиннестің рекордтар кітабының Қазақстандағы реми өкілі Бақытжан Тастүлеков.

 

«Рекорд осы іс-шараға қатысқан адамдардың саны және қымыз, күбі саны бойынша есептеледі. Қымыз көлемі мен күбі саны бойынша осы рекорд ең алғашқысы», деп хабарлады Гиннестің Рекордтар кітабының өкілі Юделькис Диас.

 

Гала концертте қазақстандық және шетелдік эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Іс-шара соңында көкке әуелеген әсем от шашу атылды.

 

 

Қазақылықтың иісі аңқыған бұл мерекелік іс-шараның мақсаты – салт-дәстүр, әдет-ғұрыпымызды құрметтеу, дәріптеу, жастарды елжандылыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Оның ішінде ұлттық сусынымызды бүкіл әлемге паш ету.

 

Қарағанды облысы,

«Рухани жаңғыру» жобалық офисі

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button