ЖАНЫҢДА ЖҮР ЖАҚСЫ АДАМ
Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек – «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан.
Ғасырдан ғасырға рухани мұра болып бізге жеткен «Асар» беру дәстүрі бүгінгі күні «волонтерлік» қозғалысқа келіп ұласты.
Жаз маусымында өткен ірі көлемді іс-шараларға белсене қатысқан жас волонтерлер біздің жіті назарда болды.
Волонтерлік – бұл басқалардың игілігі үшін төленбейтін саналы, ерікті қызмет.
Волонтерлік қызметке мыналар жатады: экологиялық қозғалыстар, ағаш, гүл отырғызу, халықтың қауқарсыз тобына: егде жастағы адамдарға, мүмкіндіктері шектеулі адамдарға, үйсіздерге көмек; СӨС насихаттау; ірі қалалық, халықаралық іс-шаралар, фестивальдер, интернет-еріктіліктерді ұйымдастыруға көмек.
Волонтер болу үшін көмектесуге және қоғам игілігі үшін жақсы істер атқаруға ниет болса жеткілікті.
Қазақстанда Ұлттық волонтерлік желісі 2010 жылғы 30 сəуірден бастап ресми жұмыс жасап келеді.
Нұр-Сұлтандағы белсенді волонтерлік қозғалыс ресми VII Қысқы Азия ойындарынан басталды. Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтанда волонтерлік мәдениетті қалыптастыру және қолдау мақсатында 2010 жылы құрылған Ұлттық Волонтерлік Желі бар.
Елордадағы қоғамдық волонтерлік ұйымдардың бір қатарын атап кетуге болады: «ASTANA Жастар даму орталығы» ҚБ, «Best For Kids» ҚҚ, «Океан – Арт Арт-терапия шығармашылық орталығы» ҚБ, «ДОС Тәуелсіздік өмір» орталығы» мүгедектердің қоғамдық бірлестігі, «Нұр Әлем Қазақстан» қоғамдық қайырымдылық қоры, «Адам денсаулығы Институты» жастар қоғамдық бірлестігі.
Алдағы уақытта еліміздің басқа да өңірдерінде орналасқан қоғамдық волонтерлік ұйымдар туралы ақпараттарды ұсынатын боламыз.