Жаңалық

Жаппай цифрландыру дәуіріндегі суретшінің ролі

Аrt talk онлайн-пікірталасы

2020 жылғы 30 мамыр күні сағат 15:00-де ҚР Ұлттық музейі Халықаралық музейлер күні аясында аrt talk форматындағы жаңа жобаны іске қосады. Жоба мақсаты –  заманауи өнердің өзекті мәселелерін талқылау. Бүкіл әлемде қолданылып жүрген жұрт алдындағы кездесудің осы форматының ерекшелігі сол, өнердің әртүрлі бағытындағы суретшілер, сарапшылар, музей ісі саласындағы мамандар және заманауи өнер өкілдері мен тындармандар арасындағы жанды диалогтың болуында. Пікірталасқа қатысушылар заманауи өнердің өзекті тенденциялары мен мәселелерін талқылайды, өз шығармашылықтары туралы айтып береді, сол сияқты кәсіби тәжірибелерімен  бөліседі.

Art talk жобаның алғашқы іс-шарасы онлайн режимінде өтеді. Пікірталастың басты тақырыбы ХХІ ғасырдағы жаппай цифрландыру дәуіріндегі суретшінің ролі болмақ. Іс-шара барысында спикерлер цифрлы ортанының дәстүрлі көркем ортаға бірігуі тақырыбына да ой қозғайды. Қатысушылар жаңа цифрлық технологияның өнерге және шығармашылық әрі кәсіби дамуға әсерін, суретшінің басты міндеттері мен оның қоғамдағы ролі қандай екенін  де талқылайды.

Спикерлер:

Анна Шевцова (Ресей, Мәскеу) – ММПУ-дың Мәдениеттану кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы және Ресей Суретшілер одағының мүшесі.

Әділет Дәулетов (Қырғыз Республикасы) – суретші, ҚР СО мүшесі, Садықов ат. Ұлттық сурет академиясының оқытушысы. Суриков ат. ММАКИ-ның түлегі.

Айсұлу Қадыржанова (АҚШ, Филадельфия).  Суретші. Туған жері – Алматы, 2008 жылдан Филадельфияда (АҚШ) тұрып жұмыс жасайды.

Альфия Саргин (Ресей Федерациясының Субъекті, Татарстан, Қазан қ.) – суретші, арт-жобалардың авторы және кураторы, Татарстан Республикасы және Ресей Суретшілер одақтарының мүшесі, ТР Еңбек сіңірген өнер қайраткері, «ТЮРКСОЙ» Құрмет белгісінің лауреаты.

Алибек Койлакаев (Ресей Федерациясының Субъекті, Дағыстан) – суретші-график, иллюстратор және киім дизайнері.

Антонина Алеева (Санкт-Петербург, Ресей) – театр суретшісі, кескіндемеші.

Дәурен Қастеев (Қазақстан, Алматы) – суретші, иллюстратор. Қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаған Әбілхан Қастеевтің немересі. Т. Жүргенов ат. Қазақ Мемлекеттік көркемсурет академиясының түлегі. Халықаралық фестивалдер, симпозимдерге, байқауларға қатысқан және лауреат. Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі.

Жанна Нөгербек (Қазақстан, Алматы) – мүсінші, суретші. Репин ат. СПб МАКМСИ-дың 2018 жылғы түлегі. Халықаралық көрмелерге, фестивалдерге қатысқан.

Мария Коровина (Өзбекстан Республикасы) – суретші-график, дизайнер және кескіндемеші, Член Академии Художеств Узбекистана Өзбекстан Көркемсурет академиясының мүшесі.

Сауран Қастеев (Қазақстан, Алматы) – суретші, иллюстратор, дизайнер.

Әбілхан Қастеевтің немересі. Т.Жүргенов ат. Қазақ Мемлекеттік көркемсурет академиясының түлегі.

Сәулет Жәнібек – суретші, графикалық дизайнер, көрме экспозиционері және көрме кураторы.

Олжас Мұхамеди – дизайнер, мүсінші, ҚР Ұлттық музейінің Реставрация қызметінің жетекшісі, IDEAL DESIGN компаниясының негізін қалаушы.

Yao Chang Huang – Яо Чанг Хван (АҚШ, Филадельфия) – сәулетші және дизайнер, жеке меншік Sky Design компаниясының иесі.

Трансляция ҚР Ұлттық музейінің Facebook-тағы ресми парақшасы (@ulttyqmuzei) және  ZOOM арқылы жүреді.

БАҚ өкілдерінің аккредитациядан өтуі міндетті.

Өздерімен бірге әкелетін техникалардың (камера, фотоаппарат) тізімін, маркасын көрсетуі тиіс!

Журналистер тізімі nmrk.muzei@mail.ruпоштасына жіберіледі

Аккредитациядан өту 30 мамыр сағат 12:00-ге дейін.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Музейі» Баспасөз бөлімі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button