Жас суретшілер халықаралық байқаудың жүлдегері атанды
Словакияның Стреда Дунайск қаласында «Цытноостровские пастельки – 2020» атты балалар суреттерінің халықаралық көрмесі өтті, деп хабарлайды Ruh.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
Қалалық білім беру бөлімінің мәлімдеуінше, көрме-байқауға Павлодар қаласы балалар көркемсурет мектебінің 35 оқушысы жұмыстарын ұсынған. Байқау еркін тақырыпта өткізілді.
«Көрме қорытындысы бойынша павлодарлық үш оқушы жеңімпаз атанды. Гуашьпен орындалған «Мысық» жұмысы үшін 6 жастағы Георгий Шапов, аралас техникада орындалған «Теңізші» жұмысы үшін 4 жастағы София Пфлюг, гуашьпен орындалған «Қайың орманында» жұмысы үшін 6 жасар Елизавета Губенко байқау медалімен марапатталды», – дейді білім беру бөлімінің мамандары.
Айта кетейік, байқауға Қазақстанмен қатар Бангладеш, Болгария, Чехия, Қытайдан да қатысушылар болды.