Жаңалық

«Жаса. Үйрен. Бөліс. Өзгер. MEETUP» жобасы іске қосылды

Павлодар облысы бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бөлімі «Жаса. Үйрен. Бөліс. Өзгер. MEETUP» жобасын іске қосты.

Бұл жоба «митап» форматындағы ортақ мүдделері бар адамдардың кездесулерін ұйымдастыру және идеялармен алмасу мүмкіндігі ретінде идеяны қолдауға ғана емес, сонымен қатар қалалар мен аудандарда бағдарламаны іске асыруға жетекшілік ететін мамандарға жобалық кеңсе базасында тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді.

«Мамыр және маусым айларында жобаның бірінші кезеңіне қалалар мен аудандардағы бағдарлама үйлестірушілері, сондай-ақ түрлі қызмет салаларындағы мамандар қатысуда. Бұл бастама ұйымдастырушылардан ғана емес, өз идеяларын ілгерілету үшін білімі мен түсінігін тереңдетуді қалайтын қатысушылардың өзінен болмақ», – дейді Павлодар облысы бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бөлімінің басшысы Нурия Кубенова.

Осы жобаның алғашқы қатысушысы Ертіс ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөліміне бас маман лауазымына жуырда жұмысқа орналасқан Батталова Майра Маратқызы болды. Майра Маратқызына «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша кеңес берілді. Кеңес беру барысында бағдарламаның алты бағыты және 17 арнайы жобасы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар баспасөз парақтары, дайджест және есепті толтыру туралы ақпарат берілді.

Жобаның екінші кездесуіне Павлодар қаласының ішкі саясат бөлімінің, Шарбақты ауданының ішкі саясат, білім беру, мәдениет бөлімдерінің мамандары келді. Қатысушылар жұмыс барысында Бағдарламаның іске асырылуы бойынша құжаттармен танысып, өздерінің аудандарында іске асырылып жатқан жобалар туралы туындаған сұрақтарына жауап алды. Сонымен қоса, қатысушыларға әдістемелік құжаттар таратылды.

Аталмыш жобаға Тереңкөл ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту, білім, мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің, мәдениет үйінің мамандары да қатысты. Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің маманы Айнұр Альжанова аудандағы Ілияс Жанқарин, Қошман батыр, Мұхамеджан молданың жерленген жерлерін облыстық киелі жерлер тізіміне енгізу жайында сұрақ қойды. Кездесу соңында барлық қатысушыларға «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында іске қосылған «Жаса. Үйрен. Бөліс. Өзгер.» MEETUP облыстық жобасына қатысып, бағдарламаның негізгі аспектілерімен танысқандығы және бір күндік тәжірибе алмасудан өткендігі үшін сертификат табысталды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button