Жаңалық Редакция таңдауы

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі жоғары облыстар

Жыл соңында жастарды жұмыспен қамти алмаған өңірлер әкімдерінің жұмысына қорытынды берілуі мүмкін. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында осыны мәлім етті.

«Қазіргі таңда жастарды жұмыспен қамтуға баса назар аударатын кез келді. Жыл сайын еңбек нарығына 300 мыңға жуық жас шығады.

Елімізде өскелең ұрпақтың өзін-өзі дамытуына жағдай жасалып жатыр. Бірақ, нақты шараларға қарамастан, жастарды жұмыспен қамту мәселесі толық шешілмей келеді», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, кейбір аймақта жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі еліміздегі орташа көрсеткіштен айтарлықтай жоғары.

«Әсіресе, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Алматы, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары – соның қатарында. Үкімет және облыс әкімдері осы мәселеге айрықша назар аударуға тиіс. Жыл аяқталғанда тиісті қорытындысын шығарамыз», – деді Мемлекет басшысы.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button