Жаңалық

Жастар жылының жабылуы

Ел басшылығының қатысуымен Жастар жылының жабылу және волонтер жылының ашылу салтанаты болды

 

9-12 желтоқсан аралығында Жастар жылының жабылуы мен Волонтерлер жылының басталуына арналған бірқатар іс-шаралар жоспарланған: ҚХА «Жастар синергиясы» форумы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің отырысы, «ДАРЫН» мемлекеттік жастар сыйлығын табыстау, Қазақстандағы КВН-нің 20 жылдығына орайланған Республикалық «Жайдарман» конкурсының финалы, халықаралық еріктілер форумы, ҮЕҰ арасында марапаттарды және меценаттар арасында «Жомарт жүрек» сыйлығын табыстау рәсімі.

Рәсім ЭКСПО павильондарының бірінде өтті. Онда 2 көрме аймағы ұйымдастырылды: Жастар жылы аясында жүзеге асырылған «Жобалар аумағы» және Волонтерлер жылының тұсаукесер-көрмесі.

Павильонның басты сахнасы – «TED Jastar» форумында ел басшылығымен бейресми кездесу ұйымдастырылып, Жастар жылының нәтижелері туралы табысқа жеткен жас буын өкілдері баяндады.

 

 

 

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button