«Жастар - Отанға!» жобасы туралы не білесіз?
Ағымдағы жылы жоба аясында «Жас Отан» ЖҚ жастар ұйымдарымен 2016 жылға арналған бірлескен жоспарға қол қойылды.
Бұл белсенді жастарды қоғамдық өмірге белсене араласуына ықпал жасауға мүмкіндік береді. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында «Жастар – Отанға!» жобасының басталуына арналған брифингте «Жас Отан» ЖҚ хатшылығының басшысы Аян Сакошев мәлім етті.
«Жастар – Отанға!» жобасының негізгі мақсаты – жастар арасында жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, сонымен қатар рухани-адамгершілік құндылықтарды түсіндіру және біріктіруге күш салу. Жоба шеңберінде облыс орталықтарында және Алматы мен Астана қалаларында базар маңдарынан «Кеңес орталықтары» ашылған. Олар жастарды, әсіресе жұмыссыз жүрген жастарды мемлекеттік тарапынан жасалып жатқан мемлекеттік бағдарламалар, сонымен қатар басқа да жағдайлар туралы ақпараттандырып отырады.
2015 жылы «Кеңес орталығы» консалтинг орталықтарында 27 мыңнан астам адамға жұмыс, баспана және елімізде жүзеге асырылып жатқан бағдарламаларға қатысты кеңестер берілді. 2016 жылы бұл жұмыс өзінің жалғасын табатын болады. Осы орталықтардың негізгі мақсаты – ауылдық жастарды ақпараттандыруға, заң мәселелері бойынша жеке консультативті көмек және психологиялық көмек көрсету», – деп атап өтті А. Сакошев.
Оның сөзі бойынша, өткен жылы «Жастар – Отанға!» аймақтық жастар саяси лагеріне 560 адам қатысты. Биыл лагерь облыстық, республикалық деңгейде ұйымдастырылады. Оған қоса республикалық деңгейдегі 300-ге жуық адам тартылмақ. Өткен жылы «Еріктілер мектебі» шеңберінде елімізде 600-ден астам Ұлы Отан соғысы, тыл ардагерлеріне және көмекке мұқтаж егде адамдарға көмек көрсетілді.
Еске сала кетейік, «Жастар – Отанға!» жобасы 2009 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Жобаның мақсаты жастар арасында жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, рухани-адамгершілік құндылықтарды түсіндіру және ұлықтау болып табылады. Жоба «Қазақстан – 2050» Стратегиясы, сонымен қатар, «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Елбасы Жолдауын жүзеге асыру шеңберінде әзірленген болатын.
Жоба аясында «Кеңес орталығы» консалтинг орталықтары, «Жастар – Отанға!» жастар саяси лагері, «Еріктілер мектебі», «Қазақстаным таза мекенім» және «Әскердегі бір күн» т.б. акциялар ұйымдастырылады. «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» Жастар қанаты еліміздің ең ірі жастар ұйымы болып табылады, оған 165 мыңнан астам жас мүше.