«Жастар шабыты»
Көрменің мақсаты: бейнелеу өнеріне баулу арқылы жастардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру, шығармашылық және талантты жастарды анықтау және қолдау мақсатында көркем экспозиция жасау.
2019 жылдың 18 қазанында сағат 16:00-де «Мәңгілік ел» салтанатты қақпасының галереясында жас суретшілердің орындаған көркем жұмыстар көрмесі ашылды.
«Жастар шабыты» көрмесі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Тарихи-мәдени мұра объектілерін және ескерткіштерін сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі дирекциясы» МКҚК-ның ұйымдастыруымен өтті.
Нұр-Сұлтан қаласының «Nur Otan» партиясының «Есіл» аудандық филиалы көрменің өтуіне қолдау көрсетті.
Көрменің мақсаты: бейнелеу өнеріне баулу арқылы жастардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру, шығармашылық және талантты жастарды анықтау және қолдау мақсатында көркем экспозиция жасау.