Жастарды мемлекеттік қолдау бағдарламалары: «Дипломмен ауылға»
«Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы №183 қаулысы және ҚР Ұлттық экономика министрлігінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығы негізінде жүзеге асырылуда.
Бағдарламаның негізгі мақсаты және міндеті ауылдың қалыпты тіршілігін және ауыл-аймақтың әлеуетінің өсуін қамтамасыз ету, сонымен бірге, ауыл тұрғындары үшін әлеуметтік саланың сапалы қызметін көрсету, ауыл-аймақты тұрақты дамыту, ауылдық елді мекенге жұмыс істеуге және тұруға келген сала мамандарын ынталандыру.
Бағдарлама ЖОО мына мамандықтар бойынша аяқтаған студенттер үшін:
- білім беру;
- денсаулық сақтау;
- әлеуметтік қамтамасыз ету;
- мәдениет және спорт;
- ветеринария.
Ауылға келген мамандар үшін келесі қолдау көрсету шаралары қарастырылған:
- 100 АЕК мөлшеріндегі бірыңғай жәрдемақысын төлеу;
- 1500 АЕК мөлшерінде 0,01% мөлшеріндегі сыйақы мөлшерлемесімен 15 жыл мерзімге тұрғын үй сатып алуға және құрылысына арналған бюджеттік несие;
- ауылдық елде мекендерде орналасқан әлеуметтік сала мекемелерінің мамандарына лауазымдық еңбекақының тарифтік мөлшерлемесінен 25 % кем емес (қалалық елді мекенде) арттыру.
Бағдарламаға қатысу үшін:
- сіз таңдаған елді мекеннен жұмысты өзіңіз табуыңыз (ауылдық мектеп, аурухана, Мәдениет үйі, спорт кешендері және т.б.);
- жұмысқа қабылдағанда кандидат аудандық комиссияға бағдарламаға қатысуға өтініш беру;
- жұмысты өзіңіз іздеу мүмкіндігі болмаған жағдайда Сіз ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне немесе аймақтардағы жауапты қызметкерлерге жүгіну;
- аймақтардағы кадрлардың қажеттіліктері туралы мәліметтер облыстық әкімдіктердің басқармаларының сайттарында орналастырылуы қажет.
Қайда өтініш беру қажет?
тұрғылықты мекен-жайы бойынша жұмыспен қамту оралықтарына немесе білім бөліміне.
Қандай құжаттар қажет?
Көтерме жәрдемақы алған кезде:
- өтініш;
- жеке куәлік көшірмесі;
- білім туралы құжаттың (дипломның) көшірмесі;
- жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
- көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәліметтер.
Тұрғын үйді сатып алуға бюджеттік кредит алу үшін қосымша:
- сатып алынатын жылжымайтын мүлікті бағалау актісі;
- неке туралы куәлік көшірмесі (болған жағдайда);
- аталған ауылдық елді мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама ұсынылады.
Тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде қосымша:
- маманның атына тұрғын үй салу үшін берілген жер учаскесін пайдалану құқығына акт;
- кепілге қойылған мүлікті бағалау актісі;
- кепілге қойылған мүлікті сақтандыру шарты;
- берілетін кредит мөлшерінен асатын тұрғын үй құрылысы бөлігін бірлесіп қаржыландыруға жазбаша келісім;
- неке туралы куәлік көшірмесі (болған жағдайда).
Құжаттар салыстыру үшiн түпнұсқада және көшiрме түрiнде ұсынылады. Жоғарыда аталған құжаттардан басқа құжаттарды ұсынуды үміткерден талап етуге жол берiлмейдi.