Жаңалық

Жастарды патриотизм рухында тәрбиелеу–Қазақстанның болашақта дамуының іргетасы – СҚО жастары

Петропавл қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған облыстық пікірталас турнирі өтті.

Қатысушылар қатарында – қаладағы жалпы білім беретін, орта арнайы және жоғары оқу орындарының оқытушылары. Барлығы 28 команда қатысты: орыс лигасында – 16, қазақ лигасында – 12.

Жастар бастамаларын дамыту, жас ұрпақтың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін іске асыру бүгінгі таңда «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жолындағы негізгі мақсаттардың бірі болып табылады. Шынымен, әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіру үшін аталған үрдісті жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқытудан бастаған жөн. Патриотизм рухында тәрбиеленген қуатты, білімді жастар – болашақта Қазақстанды жан-жақты дамыту, әлемдегі көшбасшы елдердің тізіміне толық ену үшін негіз.

Аталған жарыстың ерекшелігі бұрын соңды ауқымды іс-шараларда сөз сөйлемеген жаңа командалардың қатысуы болды. Бұл турнир 2017-2018 оқу жылындағы пікірталас маусымының ашылуына себеп болды.

Қатысушыларға ұлтаралық келісім, қазақ тілін латынға көшіру, сайлау өткізу, экология, жоғары білім алуға несие беру және т.б. мәселелерге қатысты тақырыптар ұсынылды. Аталған тақырыптар мәселеге толық ойға батуға, маңызды да басты жағдайларды анықтауға болысады. Аталған тақырып бойынша дайындалу «ой-талқы» режимінде өтті, көптеген қызықты және жасампаз идеялар туындады.

«Пікірталас өткен аудиториялардың көрермендерге лық толы болғаны қуантты. Бұл пікірталас қозғалысының артуында оң көрсеткіш болып келеді», – деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Төрешілер ретінде өз істерінің саласындағы білікті мамандар – «Петропавл пікірталас қауымдастығы» өкілдері болды, олар ойыннан кейін төрешілік талдау жүргізді, бұл жас қатысушылардың қосымша білім алуына жақсы негіз болды.

Іс-шара соңында жеңімпаздар мен барлық қатысушыларды «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Әсемгүл Есқожа құттықтады.

«Барлық қатысушыларды келе жатқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен, сондай-ақ 2017-2018 оқу жылындағы пікірталас маусымының ашылуымен құттықтаймын.  Баршаңызға жақсылық, зор денсаулық, жаңа идеялар мен табыс тілеймін», – деді ол.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button