Жаңалық

Жастардың білім деңгейі қандай?

«Қазақстан жастары – 2020» ұлттық баяндамасынан үзінді

Өткен жылдардағы орта білім беруде түрлі бағыттағы көптеген реформаның нәтижесінде күрделі жағдай қалыптасты. Негізгі мәселелерді шешу үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына Жолдауында мұғалімдердің еңбекақысын алдағы төрт жылда екі есе арттыру туралы тапсырма берді. Сонымен қатар, мұғалімдерге белгілі бір жетістіктері үшін берілетін ынталандыру сыйлықақысы енгізілді.

Орта білім беру саласында 11-сыныпты аяқтайтындар саны артып, ал 9-сыныптан кейін мектептен кететіндер саны азайып келеді (9-сынып: 2015 жылы – 220 521 адам, 2020 жылы – 192 992 адам; 11-сынып: 2015 жылы – 123 018 адам, 2020 жылы – 137 527 адам).

Отандық білім берудегі әртектілік проблемасын атап өткен жөн: PISA халықаралық бағдарламасының тестілері бойынша, балл көрсеткіштері төмендегеннен бөлек, облыстар арасында 70–90 балл шегінде ауытқуды көрсетеді.

Жоғары білім беру саласында 2019 жылдан бері түрлі пәндер бойынша білім беру сапасы төмен жоғары оқу орындары – «диплом фабрикаларымен» күрес басталды. Нәтижесінде лицензиялар қайтарылып, кейбір жоғары оқу орындары жабылды, бірақ, сонымен қатар, оқу орындары иелері мұндай диплом түрлерімен күрес саясатына қарсылық білдірген. Бұл мәселені ел Президенті өзінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында қозғады. Оң өзгеріс ретінде мемлекет тарапынан мемлекеттік білім грантының құны арттырылғаны және сол арқылы Қазақстанның жетекші университеттеріне жаңа қаржы қаражатының құйылуы есебінен оқыту сапасын көтеруге көмектескенін атауға болады. Сондай-ақ жоғары оқу орындарының көбінде оқытушылардың жалақысы артып, ғылыми дәрежесі үшін төленетін үстемеақы да жоғарылады.

COVID–19 пандемиясы және оның салдары елдегі білім беру процесін өзгертті. Қашықтан білім беруді ұйымдастырудағы қазіргі жағдайды талдау мынадай жүйелі проблемаларды анықтауға мүмкіндік беріп отыр: қалыптасқан заңнамалық база жоғы; техникалық жабдықтаудың әлсіздігі; қашықтан оқытудың бірыңғай платформасы жоғы; қашықтан оқытуды ұйымдастыруда педагогтардың кәсіби даярлығының жеткіліксіз деңгейі, сондай-ақ ұсынылатын сабақтардың мазмұндық компоненттерінің нашар әзірленуі.

Кейінгі бес жылда магистратура мен докторантурада білімін жалғастырғысы келетін жастар саны көбеюі үрдісі артып келеді (2015 жылы бітіруші магистранттар – 15 816 адам, 2019 жылы – 20 249 адам; 2015 жылы бітіруші докторанттар – 533 адам, 2019 жылы – 905 адам). Соған қарамастан, Қазақстандағы әлеуметтанулық зерттеу нәтижелері бойынша, жастардың 8,8 % ғана ғылыми қызметпен айналысады.

Жас ғалымдардың бірнеше негізгі проблемасы бар: «жас ғалым» терминінің анықталмауы – институционалдық проблема (түрлі нормативтік құқықтық актілерде үш нұсқа кездеседі: 29 жасқа дейін, 35 жасқа дейін және 40 жасқа дейін); докторанттардың зерттеулеріне жеткілікті қаржыландыру жоғы; сондай-ақ докторанттардың ғылыми жетекшілерінің нашар даярлығы. Айта кетері, ғылымды қаржыландыру жылдан жылға артып келеді, бұл осы салаға жастардың келуіне оң әсер етуге тиіс.

2019 жыл қоғамдық-саяси салада жаңа институционалдық өзгерістер басталған жыл болды. Бұл өзгерістер, әсіресе, жас ғалымдарға әсер етті. Жарияланған Жастар жылы аясында жас ғалымдарды қолдауға үш жылда 9 млрд теңге (2020 жылы – 3 млрд теңге, 2021 жылы – 3 млрд теңге, 2022 жылы – 3 млрд теңге) бөлуге бастама жасалды. Жалпы, мемлекеттің ғылым саласындағы белсенді саясатының арқасында жас ғалымдарға берілетін ғылыми гранттарды қаржыландыру проблемалары біртіндеп жойылуда.

Қазақстанда көбінесе «ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған білім беру» деп түсініледі. Ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың 46,5 % ғана инклюзив білім берумен қамтылған (2015 жылы – 26 293 адам, 2020 жылы – 50 440 адам). Әлемдік тәжірибеде бұл құбылыс туралы кеңірек түсінік бар, ол тиісті тарауда сипатталған.

Бейресми білім, бір жағынан, заң тұрғысынан реттеледі, ал екінші жағынан, жекелеген бюрократиялық сәттермен қатар тұжырымдардың түсініксіздігі мен бұлыңғыр болуы аталған нормативтік құқықтық актілердің сақталмауына соқтырады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button