Жастарға жүргізілген сауалнама нәтижелері
«Қоғамдық сананы жаңғырту» әлеуметтік зерттеулер орталығының 14-28 жас аралығындағы жастарға жүргізілген жаппай сауалнама нәтижелері:
Жастардың 63,3%-ы бос уақытын дүниежүзілік желілерде, әлеуметтік желілерде өткізеді.
Жастардың 81,3%-ы өз болашағына сенімді.
Олардың 84,3%-ы өмірімен қанағаттанады.
Жастардың 70%-ға жуығы алған және алып жатқан жоғарғы білім сапасына қанағаттанады.
Жастардың жартысынан азы (46,7%) мектептердегі бағалаудың жаңа жүйесіне (БЖБ, ТЖБ) риза емес.
Жастардың 40,5%-ы өздерінің елді мекендеріндегі жастарға арналған инфрақұрылымның сапасына қанағаттанған;
Жастар көбінесе азық-түлік пен халық тұтынатын тауарлардың жоғары бағасына алаңдайды (61,6%).
Сауалнамаға қатысқан жастардың 17,8%-ы күн сайын саяси жаңалықтарға, оқиғаларға қызығушылық танытады.
Ең алдымен, жастардың 47,6%-ын Қазақстандағы саяси ахуал туралы ақпарат қызықтырады.
Жастар арасында кеңінен таралған Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалардың үштігі: «Жасыл Ел» (44,2%), «Дипломмен – ауылға» (42,0%) және «Болашақ» халықаралық стипендиясы (39,7%).
Жастардың көбі өздерін қолдау бойынша Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар туралы интернеттен және әлеуметтік желілерден біледі (56,9%).
Жастардың, шамамен, 80%-ы ұйымдар қызметіне, іс-шараларына қатыспайды.
Сауалнамаға қатысқан қазақстандық жастардың 21,1%-ы волонтерлік қызметпен айналысқан, немесе айналысады.
Жастардың волонтерлік қызметінің негізгі бағыты (45,8%-ы) – кедейлерге көмек көрсету болып табылады.