«JASTARǴA – QYZMET» республикалық жобасы басталды

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 444 бұйрығымен бекітілген Жастар ресурстық орталықтары туралы үлгілік ережеге сәйкес, ЖРО әрбір негізгі бағыт шеңберінде жастар жобалары мен бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады.
1. Жобаның мақсаты – жастар ресурстық орталықтарының негізгі бағыттары шеңберінде жастардың цифрлық жобаларын іске асыру арқылы жасөспірімдер мен жастардың жеке және әлеуметтік дамуына жәрдемдесу.
2. Іске асыру мерзімі: 2020 жылғы тамыз айының екінші декадасынан бастап жыл бойы.
3. Жобаның географиясы: жобаға барлық облыстық, қалалық және аудандық жастар ресурстық орталықтары қатысады.
4. Қатысушылар: 14-28 жас аралығындағы жастар, қатысушылардың кемінде 30%-ы халықтың осал топтарынан (NEET-жастар, мүгедектігі бар адамдар, жетім балалар және басқалар) болуы тиіс).
5. Онлайн іс-шараларды өткізу алгоритмі:
1. Әлеуметтік желілерде (instagram, facebook) алдын ала хабарлай отырып, тұрақты негізде (аптасына кемінде 1 рет) мынадай іс-шараларды өткізу:
1) kahoot.it. сайты арқылы түрлі тақырыптарға онлайн викториналар өткізу;
2) түрлі қызықты лайфхактар дайындау және оларды интернет-ресурстарда және ЖРО әлеуметтік желілерінде (facebook, instagram, vk, tik-tok, pinterest және т.б.) жариялау;
3) zoom, youtube, Mc Teams, google meet және т.б. платформалары арқылы жастардың мүдделері бойынша түрлі онлайн іс-шараларды тұрақты негізде өткізу.
2. Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына және әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған әлеуметтік желілерде онлайн іс-шаралар өткізу:
1) Абай мен әл-Фараби шығармалары бойынша эстафета (осы эстафетада бірнеше адам бір-біріне беріп, бір шығарманы бөлісуі тиіс);
2) Абай мен әл-Фараби шығармашылығынан челлендж;
3) Абай мен әл-Фараби бейнеленген фотоальбомдар және мақал-мәтелдер мен афоризмдерден инфографика жасау;
4) іс-шара мен мерейтойға қарай келесі хэштегтерді қолдану: #Abai175 #AlFarabi1150.
3. 2020 жылғы 12 тамыз – бір күнде Халықаралық Жастар күніне бірыңғай онлайн іс-шаралар өткізу:
1) өңір жастары туралы статистикалық және талдамалық ақпараты бар бейне және графикалық өнімдерді дайындау және оларды әлеуметтік желілерде жариялау;
2) әлеуметтік желілерде мәдениет, спорт, медицина, волонтерлік, білім беру және т.б. салаларда әртүрлі жетістіктері бар жастар (Үздік 10) туралы материалдарды жариялау (instagram, facebook);
3) ZOOM платформасы және facebook-те тікелей трансляция арқылы қала, аудан және облыс әкімінің жастармен онлайн кездесуі;
4) Kahoot зияткерлік викторинасын өткізу және т.б.;
5) #JastarKuni2020 #ДеньМолодежи2020 бірыңғай хэштегін қолдану.
4. Онлайн режимде жастармен әңгімелесу түрінде викториналар, акциялар мен іс-шаралар өткізу үшін беделді және танымал жастарды (мәдениет, спорт және т.б. саласындағы әртүрлі жетістіктермен) тарту.
5. Онлайн-іс-шараларды өткізу үшін ақылы платформаларға бизнес-жазылымды рәсімдеу қажет (ZOOM, Kahoot және т.б.).
6. Материалдарды әлеуметтік желілерде жариялау кезінде #JastarǵaQyzmet бірыңғай хэштегін қолдану.